УЧАСКЕ жедел – профилактикалық іс – шара өткізілуде

УЧАСКЕ  жедел – профилактикалық іс – шара өткізілуде

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 28.08.2021 жылғы №1-5-2-36/2566-И шығыс хатына сәйкес 01.09.-01.12.2021ж. аралығында мемлекеттің барлық аумағында жедел – профилактикалық іс- шара өткізілуіне байланысты, Қапшағай қалалық пробация қызмет есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылықтарын анықтау және алдын алу мақсатымен жұмыс жүргізеді.

 Пробация қызметінің қызметкерлері полиция учаскелік инспекторымен бірлесе отырып түнгі уақытта сотталғандардың мекен – жайы бойынша, жұмыс орындарынан тексереді, сотталғанның туыстарымен, жұмыс берушілермен сұқбат жұргізіледі. Сонымен қатар барлық мәлімет базаларынан сотталғандардың қылмыс жасау және құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізеді.

  Пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік инспекторы полиция капитаны А.Мамажановпен бірлескен тексеру жұмыс жүргізу барысында, сотталған М. сотталған Б. мен бірге қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп отырғаны анықталды.

  Есепте тұрған тұлғалар спирттік ішімдік ішу фактісі бойынша қалалық емханаға жедел жәрдем бөлімінде анықталып тіркелді, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440 бабы бойынша сотталған Б. айыппұл салынды, сотталған М. сотпен 5 тәулік қамаққа алу тағайындалды.   

Жоғарыда көрсетілген жайттар бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Қапшағай қалалық Пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Б.Жетмекова