«Ұстаздар –ұлы тұлғалар» атты мерекелік шара өткізілді!

«Ұстаздар –ұлы тұлғалар» атты мерекелік шара өткізілді!

  Ұстаздар күніне орай 9 қазан күні ұйымдастырылды қалалық мәдениет үйінде «Ұстаздар –ұлы тұлғалар» атты мерекелік шара. Мерекелік шарада қала әкімі Н.О.Құматаев құттықтау сөзін жеткізіп, білім саласының дамуына еңбек сіңірген бірқатар мұғалімдерге "Құрмет" грамотасымен "Алғыс хаттарын" табыстады. Мерекелік кешке қала өнерпаздары мен Жамбыл Жабаев атындағы филармония өнерпаздары, Сүйінбай А. атындағы филармония әншілері , "Алатау әуендері" концерттік ұйымының әншілері, және де эстрада жұлдыздары Мирас пен Құралай қатысып кешті жандандырды. Мәдени шара соңында мектеп оқушылары көрермен залындағы ұстаздарға гүл шоқтарын табыс етіп, шәкірттерінің мұндай құрметіне риза болған мұғалімдер алғыс айтып ризашылығын білдірді. Жалпы әсерлі де, әдемі кештің қонақтары болған зиялы қауым өкілдері ұйымдастырушылар мен өнер иелеріне рахметтерін айтып , ақ жарқын тілектерін арнады.