«Жетісу -  адалдық алаңы» жобасының іске асу барысы туралы АҚПАРАТ

«Жетісу -  адалдық алаңы»  жобасының іске асу барысы туралы  АҚПАРАТ

 «Жетісу -  адалдық алаңы» жобасы аясында Қапшағай қаласында 2021 жылға арналған жоспарға сәйкес 85 іс-шаралар өткізіледі. Оның ішінде 65 іс-шара онлайн форматта, қалғаны оффлайн. Бүгінгі уақытқа дейін 58 шара өткізілді.

Ақпараттық қамтамасық ету мақсатында «Жетісу - адалдық алаңы» жобасының ресми парақшалары Facebook, Instagram, VK, Telegram әлеуметтік желілерінде ашылған.

Сонымен қатар, ай сайын «Адал көмек» жобасы аясында және «Ашық бюджеттердің интерактивты картасы» тақырыбы бойынша тікелей эфир өткізудің кестесі бекітіледі. Кестеге мекеме басшыларынан бөлек, қоғамдық пікір көшбасшылары, құрметті азаматтар мен үкіметтік ұйым өкілдері қосылған. Жыл басынан бүгінгі уақытқа дейін жалпы 144 тікелей эфир өтті.

2021 жылға облыстық бюджет тарапынан 2 млн. теңге қаражат бөлініп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жоғарды оқу орындарындағы арнайы лекторлардың қатысуымен 2 семинар, 3 дөңгелек үстел және 1 конкурс өткізілген. Қосымша қала аймағында 7 баннер ілініп, 2 видеоролик әзірленді, 1000 дана плакаттар ілінді. Көп қабатты үйлердің ғимараттарында 5 мурал салынды.