Қарттарым - асыл қазынам

Қарттарым - асыл қазынам

            «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 1 –қазан Халықаралық қарттар мен мүгедектер күніне орай Қапшағай қаласы және өңірінде атқарылған іс-шаралар бойынша хабарлайды:

            1 – қазан Халықаралық қарттар мен мүгедектер күніне орай, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер тартылып, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін егде жастағы 60 адамға әрқайсысына 7500 тенге көлемінде азық-түлік жиынтық  пакетін мемлекеттік мекеме басшылары мен әлеуметтік қызметкерлер тарту етті. Бөлінген қаржының жалпы саны 450,0 мың теңгені құрады. 

           Мерекеге орай «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұрғындары арасында спорттық жарыстар өткізілді.

          «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында «Қапшағай қаласының жастар ресурстар орталығы» ұйымдастыруымен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін жалғызбасты қарттардың үйлерінде тазалық іс-шаралары жүргізілді.