Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары!

Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары!

 Баршаңызды шуақты қаламыздың 51-жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Іленің бойындағы 1963 жылы басталған құрылыстың алғашқы күнінен бастап осы 51 жыл ішінде қаламыз үшін өте маңызды тарихи оқиғалар мен құбылыстар орын алған. Бүгін Қапшағай киелі жетісу жерінде орналасқан, өзінің туристік келбеті мен әсем табиғаты бар ерекше мекен ретінде танылған. Әрбір қапшағайлық үшін бұл жер ыстық сезімге, ықылас пен қуанышқа толы қалаға айналды.

Бүгінгі таңда аймағымызда 60 мыңнан астам халық, 17 ұлт өкілдері және 11 елді мекен тіркелген. Шуақты қаламызда жыл сайын жаңа тұрғын үйлер, жаңа кәсіпорындар, әлеуметтік объектілер және демалыс орындары бой көтеруде. Басты мақсат – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, қолайлы орта құру. Осы орайда, тек 2021 жылы 100-ден астам отбасы баспаналы болды, жаңадан 2000 астам тұрақты жұмыс орындары ашылды, жаңа аула мен ойын алаңдары абаттандырылуда, қосымша 900 орындық мектеп пен тұрғын үйлер бой көтеруде. Облыс басшылығының қолдауымен алдағы уақытта ірі жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары мен өнеркәсіптің қайнар көзіне айналмақ. Бұл біздің аймағымыздың жарқын болашағы, қарқынды әлеуметтік дамуы мен өркендеуінің кепілі.

Шуақты қаламыз Қапшағайдың 51-жылдық мерекесіне орай, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, мол бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Береке - бірлігіміз арта берсін!