АИВ/ ЖИТС ауруларына қарсы күрес

АИВ/ ЖИТС ауруларына қарсы күрес

  2021 жылдың 2 шілдесі күні, Қапшағай қалалық прокуратурасының мәжіліс залында Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын – алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының алдын - алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігерлерімен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға арналған семинар өткізілді.

  Бағдарлама бойынша ашылуы – инфекциялық ауру туралы түсінік; екінші сұрақ – Алматы облысындағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай; үшінші сұрақ – АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары; төртінші сұрақ – АИТВ және ЖИТС тақырыбына бейнефильм көрсету; сұрақтарға жауап беру.

  Семинар біткен соң дәрігерлер А. Кенжебекова, М. Мырзатаева, О. Потуданская қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Пробация қызметінің

бөлім бастығы

әділет майоры Б. Жетмекова