Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Қадірменді әріптестер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!  Қадірменді әріптестер!

 Сіздерді кәсіби мереке - мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Мемлекеттік қызметтің беделі мен мәртебесі онда қызмет еткен азаматтарға тікелей байланысты екені сөзсіз. Өйткені, аса жауапты істің артында мемлекеттік органдардың абыройы, халықтың сенімі мен үміті, ел алдындағы азаматтық парызы таразыға түседі. Тек бар күш-жігері мен намысын, білімі мен қарым-қабілетін, шеберлігі мен қажыр-қайратын аямай жұмсаған білікті қызметкерлер ғана телегей табысқа жете алады.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!