«Адам және адамзат құқықтары» сұхбат сағаты

«Адам және адамзат құқықтары» сұхбат сағаты

    7 маусым күні Шеңгелді ауылындағы №1 кітапхана-филиалында Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппаратының жастар ісі жөніндегі жетекші маманы Еркежан Тасибековамен  «Адам және адамзат құқықтары» тақырыбында сұхбат   сағаты ұйымдастырылды. Шараға Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы А.Раисова «парасат жолы» адалдық алаңы туралы мағлұмат беріп, жастар арасында адалдық, парасаттылық, сенімділік құндылықтары туралы айтып өтті.

   Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппаратының жастар ісі жөніндегі жетекші маманы Еркежан Тасибекова мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттын іске асыруға жастарды тарту және жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін насихаттау керектігін айтып өтті. Сонымен қатар шараға қатысушы  жастар өз бойларына  рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеру керек екені айтып, өз ойларымен бөлісті.