Құрметті Қапшағай қаласының (өңірінің) тұрғындары, және Қапшағай қаласының аумағында меншік иелігінде немесе уақытша  жер пайдалануындағы жер учаскелері тіркелген  Қазақстан Республикасының тұрғындары!

Құрметті Қапшағай қаласының (өңірінің) тұрғындары, және  Қапшағай қаласының аумағында меншік иелігінде немесе уақытша  жер пайдалануындағы жер учаскелері тіркелген   Қазақстан Республикасының тұрғындары!

   Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының   2021 жылғы 15 қаңтардағы №21-01-38.1 бұйрығына, Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы іс-шаралар жоспарына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бап 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының жерлерінен ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермерлық қожалығын жүргізу үшін берілген меншік түрлеріне қарамастан (жеке меншік, уақытша өтеулі жер пайдалану, оның ішінде ортақ үлестік немесе бірлескен жер пайдалану) ауыл шаруашылығы жер учаскелерін  қайта ауылшаруашылық айналымына енгізу мақсатында нысаналы тағайындауына сәйкес пайдалануына ревизия жүргізу үшін Қапшағай қаласы әкімінің 2021 жылғы 12 ақпандағы №11-Ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, ауыл шаруашылығы жер учаскелерін толыққанды ауылшаруашылық айналымына енгізу мақсатында нысаналы тағайындауына сәйкес пайдалануына ревизия жүргізу бойынша іс-шаралар Жоспары өнделіп,  бекітілді.

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1, 92, 93, 94 баптарына сәйкес,  іс-шаралар Жоспары бойынша жұмыс тобымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне нысаналы мақсатына сай пайдалануына ревизия жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың нәтижесі 2021 жылдың 01 желтоқсанына дейін қорытындылауға жатады.

 Осыған орай, Қапшағай қаласының әкімшілік-аумақтық бағыныс шекарасында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлері бар жер қатынастары құқығы субъектілеріне жерге құқығын белгілейтін және құқығын күәләндыратын құжаттардың көшірмелерін «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не (Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13, әкімшілік ғимараты, 113 каб., эл. пошта OZO 055 @mail.ru Байланыс тел. 8(72772) 4-07-75, 4-14-04  бөлімнің бас маманы м.а. Мұратұлы Мамыт) көрсетілген мекенжайға әкелу (жолдау) туралы ескертеміз, сонымен қатар міндетті түрде өткізуге жататын есептіліктерді  тапсыру қажет:

   Егістік алқаптарында – егіс науқаны аяқталуына орай дақылдар егілген структура туралы;

 Жайылым алқаптарында- малдарды тіркеу дерекқорынан ақпараттар мен малшаруашылығының жағдайы туралы мәліметтер.

  Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бойынша жұмыстар тұрақты негшізде жүргізілуде, және жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан Ғарыш  Сапары» ҰК» АҚ-мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен ауыл және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша берілген тапсырмаларын орындау үшін ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді нысаналы мақсаты бойынша  пайдалануына космомониторинг жүргізіліп, 2020 жылғы жұмыстар нәтижесінде пайдаланылмай жатқаны анықталған жерлердің меншік иелері мен жерпайдаланушыларға Жер кодексінің 94 бабына сәйкес жерлерді белгіленген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану туралы, немесе одан ары пайдаланбай жатса, мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару жөнінде шаралар қолданылатыны  туралы ескертулер жолданды (әлі де жолдануда).

           Сонымен қатар, прокуратура органдарымен де пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерге қатысты іс-шара қолдану жөнінде жұмыстар атқарылуда. Тиісінше шара қолдану мақсатында, пайдаланылмай жатқаны анықталған жерлердің жер қатынастары құқығының субъектілеріне (жайылымда) ауылшаруашылық малдарын тіркеу дерекқорына енгізіп, егістік алқаптарында егіс аумақтары бойынша структурасын тапсыру қажет.

   Қазақстан Республикасы жер заңнамаларының нормаларына сәйкес ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер айрықша қорғалуға және тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жатады. Жер кодексінің 64, 65 баптарымен жер қатынастары құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері белгіленіп, оларға сәйкес, жер учаскелері  агромелиоративтік және өзге де талаптарды, жайылым ауданының бірлігіне малды жаю нормативтерін  сақтай отыра нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға (игерілуге) тиіс, ал егерде пайдаланылмай немесе жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланылған жағдайда,  Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес, жер телімі қолданыстағы жер заңнамаларымен белгіленген тәртіпте алып қоюға жатады.