«Ынтымағы жарасқан туған өлкем»

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем»

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  астам ұлт өкілдеріне ортақ отан. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетеді.

Елімізде болып жатқан карантиндік жағдайға байланысты аталмыш мерекеде этно-мәдени бірлестіктер  әлеуметтік желі арқылы  өзінің құттықтауларын жеткізіп мерекелік концерттік бағдарламаға атсалысты.

29 сәуір күні қалалық мәденит үйінде концерттік бағдарлама онлайн режимінде өтті. Концерттік бағдарлама барысында қаламыздың  орыс, корей, ұйғыр этно-мәдени бірлестіктері өкілдері қала тұрғындарын 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні мерекесімен  өз тілінде құттықтап өтті. Концерттік бағдарламада қалалық мәдениет үйінің, Арна ауылдық клубының шығармашылық ұжымы, және этно-мәдени бірлестіктер ән-би  шашуларын ұсынды.

 Авторы : А.Бисенгалиева    Арна ауылдық клубының әдіскері