Құрметті ардагерлер! Қымбатты жерлестер!

Құрметті ардагерлер!  Қымбатты жерлестер!

 Сіздерді ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуінің нәтижесі жемісті Жеңіске қол жеткізе алғанымыздың арқасы.

Биыл Ұлы Жеңіске – 76 жыл толып отыр. Бұл осыдан қаншама жылдар бойы адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғысты бастарынан кешкен қиын кезеңдер болатын. Осындай соғыс жылдары Ер азаматтарымыз Отанын қорғауда батылдық танытып, өр мінездерімен ерлік үлгісін көрсетті.

Мұндай қайсарлықты жасаған майдангерлеріміздің ерліктері мәңгілік жадымызда қалары анық. Отанын, Жер Ананы жаудан аман алып қалуда жанын пида еткен әрбір Ер азаматтар мен Ардагерлерімізге  шексіз алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Міне, осындай ардагер бабаларымыз алып берген Жеңіс бүгінгі күні бізді жарқын болашаққа жетелеп, мықты жігерлендіріп, жанымызға қуат береді. Өмір жолындағы қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуыға ынталандырады. 

Қымбатты ардагерлер!

Осынау салтанатты күні Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндердің молшылығын,  жанның шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Сонымен бірге, толағай табыс, шаңырақтарыңызда құт-береке, қуанышты сәттеріңіз көп болсын. Лайым жұртымыш тыныш, еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!!!