Құрметті ағайын! Қадірлі Отан қорғаушылар!

Құрметті ағайын!  Қадірлі Отан қорғаушылар!

  Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Отаншылық рухы - бізге ауадай қажет» дегендей, біздің әскеріміз бүгінде тәуелсіз Қазақстанның тек қорғанышы ғана емес, оның білікті, білімді әрі патриотты рухы бар азаматтардың мекені! Еліміздің қорғаныс күштері әлем деңгейіндегі дамыған әскерлерінің қатарында болғаны – біздің мақтанышымыз!

Бүгінгі мереке күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

Мереке құтты болсын!