Жекешелендіру туралы

Жекешелендіру туралы

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылдың 29 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» № 908 қаулысына сәйкес, Қапшағай қаласы бойынша 4(төрт) мемлекеттік кәсіпорын және 2(екі) 100 % мемлекет қатысуымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жекешелендіру тізіміне енгізілген.

Атап айтқанда:

  1. «Қапшағай тынысы» ЖШС - жекешелендіру мерзімі 2021 жылға жоспарланған;
  2. «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақбұлақ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны - жекешелендіру мерзімі 2021 жылға жоспарланған;
  3. Қапшағай қаласы әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны - жекешелендіру мерзімі 2022 жылға жоспарланған;
  4. «Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шеңгелді Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны - жекешелендіру мерзімі 2022 жылға жоспарланған;
  5. «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС - жекешелендіру мерзімі 2023 жылға жоспарланған;
  6. Қапшағай қаласы әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны - жекешелендіру мерзімі 2025 жылға жоспарланған;

Жоғарыда аталған кәсіпорындарды жекешелендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 09 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» № 920 қаулысына сәйкес жүзеге асады.

Кәсіпорындарды сату туралы хабарлама  www.gosreestr.kz сайтында жарияланады. Кәсіпорындарды сатуға шығару үшін нарықтық бағасын анықтау мақсатында, бағалау жұмыстары жүргізіледі.

Сауда саттыққа қатысу үшін, жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақша сомасын енгізу қажет;

Сауда саттыққа жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады;

Сонымен қатар, бүгінгі күні 2021 жылға жекешелендіру тізіміне енгізілген «Қапшағай тынысы» ЖШС мен «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақбұлақ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының мүліктерін бағалау жұмыстары жүргізілуде.