ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ  НАЗАРЫНА!

 ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ  НАЗАРЫНА!

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ 

Жер атадан қалған асыл мұра. Жерді қорғау қоршаған ортамен тығыз байланысты.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз.

        Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр.

        Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр.

        Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс .

       Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес деген екен.

      Бүгінде ет өндірісін ұлғайту мәселесі аналық мал басының проблемасына тіреліп тұрған жоқ, керісінше фермерлерге жем-шөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр деп айтып өткендей.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92-бабының 4-тармағының  3-тармақшасына сәйкес жайылым жер учаскесінде  ауыл шаруашылығы жануарлары (мал басы) болуы керек.

Ауыл шаруашылығы жануарлары (мал басы)  саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болмау керектігі жерді ұтымды пайдалану ұғымының ажырамас бөлігі.

Қапшағай қалалық ветеринариялық станциясының  АБЖ (ИСЖ)  бағдарламасында ауыл шаруашылығы жануарлары мал басы тіркелуге тиіс.  

          Аталған заңның 99-бабының 4-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік, оның ішінде суармалы егістік жерге дәнді-дақылдарды кезектестiрiп, алмастырып (севооборот) пайдалануы қажет. Себебі, қант қызылшасы, бидай, арпа, пияз осы дәнді-дақылдарды алмастырмай сепкен жағдайда топырақтың құнарлығы төмендеп, алынатын өнім төмендеп кетеді. Сол себептен кезектестiрiп, алмастырылып (севооборот)  тұру тиімді болады.

Сонымен қатар жерді ұтымсыз немесе пайдаланбаған жағдай Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 338-бабымен айыппұл салынуға әкеп соғады. Жер кодексінің                           92-бабының 3-тармағы және 94-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесi мәжбүрлеп алынатындығын ескертеміз.

          Құрметті шаруа құрылымы! Өз иелігіңіздегі жерлерді ұтымды пайдаланып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауға назарыңызға жеткіземіз.