ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ!

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ!

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қапшағай қалалық пробация қызметінде, сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған 12 адам есепте тұр.

Олардың ішінде, сот үкіміне сәйкес тағайындалған жазаны, міндеттерді мүлтіксіз орындап, пробация қызметінің есебінен шешіліп жатқандар да бар.

Алайда, қоғамдық жұмыстарды орындаудан қаскөйлікпен жалтарған сотталғандар қатары да аз емес, оларға қатысты жергілікті пробация қызметімен алғашқы іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтиже болмағандықтан, жергілікті сотқа жасырынып жүрген тұлғаларға қатысты іздестіру жариялауға шешім шығару мақсатында материалдар тапсырлып отырады.

Соттың шешімімен іздестіру жарияланып  - ұсталған тұлғаға қатысты қоғамдық жұмыстарды орындау мерзімі қоғамдық жұмыстың 4 сағат = 1 тәуілік қамаққа ауыстыру жазасымен ауыстырылуы мүмкін, яғни сотталғанның сот отырысында, өзіне қатысты берген деректерге қатысты сот шешім шығарады.

Сондай-ақ, пробация қызметі қоғамдық жұмыстарды қоғамдық орындарды атқарып жүрген тұлғаларға қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізіп отырады, егерде қоғамдық орындарда өз міндеттерін орындамай, себебсіз жұмыс орынға шықпай, пробация қызметінің шақыртуына келмеген жағдайлар орын алып жатса, ол тұлғаға анықталған деректерге сәйкес тиісті акт құрылып отырады.

03.02.2021 жылы Қапшағай қалалық сотының төрағасы О.Қ. Күреңбеков мырза, пробация қызметінің ұсынымы бойынша қоғамдық жұмыс сағатын  қамаққа алумен ауыстыру туралы қаулы етті.

 

 

Қапшағай қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны             М. Мейранова