Қапшағай аймағы 10.02.2021 жылғы жағдай бойынша карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілер нәтижелері бойынша ақпарат

Қапшағай аймағы 10.02.2021 жылғы жағдай бойынша карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілер нәтижелері бойынша ақпарат

Қапшағай қаласы әкімінің 11.01.2021 ж. №1-ө өкімінің негізінде Қапшағай аймағы бойынша мониторингтік топ құрылды, оның құрамына 6 топ 4 қалалық, 2 ауылдық округ кірді. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қапшағай қаласы, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтері кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді сақтауына мониторинг жүргізетін құрамында әкімдік, жергілікті полиция қызметі, қалалық прокуратура (келісім бойынша) өкілдері бар мониторингтік топ күн сайын жұмыс істейді.

Қапшағай қаласы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан 10 ақпанға дейінгі кезеңде мониторингтік топ карантин режимін сақтау бойынша 289 әртүрлі меншік нысандарын  қамтыды, онда ойын-сауық  бизнесі объектілерінің бірінде бизнесі объектілерінің бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес (қонақтардың арасындағы қашықтықты сақтамау) карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды, шағын және орта бизнестің 3 объектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Қысқартылған өндіріс бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 1721030,0 теңгені құрады (айыппұлдың толық көлемі 3529570,0 теңгені құрады).

Қапшағай қаласының шағын және орта бизнес өкілдеріне карантиндік шараларды қатан сақтауға назар бөлулеріңізді сұраймыз.