Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері!

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері!

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыбын және техникалық сипаттамасын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдайды.

Осы ретте, әлеуметтік жобалар бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда 2021 жылғы 02 ақпанға дейін ksobes@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады. Жобаларды қалыптастыру барысында олардың мақсаты Бөлімнің қызметіне сай болуын ескерулеріңізді сұраймыз. Жобалар қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес қалыптастырылуы тиіс.

Сұрақтар бойынша 8/72772/ 22988, 8/72772/ 23014 телефондарына хабарласуға болады.

 

Жоба

 

2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қапшағай қаласының үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобалардың

ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫ

 

Жоба атауы

Қысқаша техникалық сипаттамасы

Жоба атауы:

____________

____________

Жоба сомасы(мөлшерлі шығын сметасына сәйкес)

Жобаның мақсаты: __________________(2-3 сөйлемнен кем емес);

Жобаның өзектілігі: _________________________

Жоба аясында өтетін іс-шаралар: (мысалы)

-          - Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша «Инватакси» қызметін көрсету;

-         -Ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар т.б.

-          - БАҚ-та жариялау

Жобаның іске асыру мерзімі:

Мөлшерлі шығын сметасы:

 

P/S: Бұл нысанға қосымшаларды қосу  немесе өзгертуге болады.

 

Қоғамдық ұйымның жетекшісі __________________________________

М.П.