Қапшағай қаласының әкімі Н.О. Құматаевтың «Қапшағай қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің тезистері

Қапшағай қаласының әкімі Н.О. Құматаевтың  «Қапшағай қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің тезистері

          2020 жылдың қортындысы бойынша Қапшағай қаласының дамуы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Халқына Жолдауына және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында іске асырылды.

Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:

- 2020 жылы бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер белгіленген 23 960,5 млн.теңгенің орнына 25 083,3 млн.теңгені құрап, 104,7 % орындалды және 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны 107,5% жетті;

- республикалық бюджетке 19553,5 млн.теңге қаражат түсіп 2019 жылдың осы  мерзімімен салыстырғанда  103,5% пайызды құрады;

- жергілікті бюджетке түсетін салықтар жоспары 109,0% орындалып,  5 072,8 млн.теңгенің орнына 5 529,8 млн.теңге қаражат түсті.

Қала бюджетінің шығыс бөлігі 99,9% орындалып, ол 14 722,0 млн.теңгеге қаржыландырылды.

2021 жылы меншік кірістер 3,3 млрд.теңгеге жетеді.

 

Өнеркәсіп

Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары  2020 жылдың 11 айында  жалпы сомасы 76911,0 млн.теңгенің өнімін өндірді. 2021 жылға жоспарланған көлем 85000,0 млн.теңгені құрайды.

        Қалада 54 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 14-і ірі және орта кәсіпорындар, олардың шығарған өндіріс көлемі  73,9% құрайды. 3 кәсіпорын жүйе құраушы болып саналады, олар: гипсокартоннан жасалған бұйымдар мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «Кнауф Гипс Капшағай» ЖШС, макарон өнімдерін шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС, «АлЭС Қапшағай ГЭС» АҚ.

Қапшағай қаласы бойынша «Бағашар мекен» ЖШС антисептиктерге сұраныстың күрт артуына орай  «ALFAsept»  атты антисептик өндірісін іске қосты. Өндіру қуаты тәлігіне 20 тоннадан 100 тоннаға дейін, 10 жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан бері өнеркәсіп саласында 350 жұмыс орны құрылды. («Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС - 280, «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС – 20, «Технобазальт» ЖШС - 50).

Жыл басынан бері негізгі капиталға 36142,8 млн. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс инвестициялар үлесі 90,7% немесе 32778,6 млн.теңгені құрады.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-гі 75 грамдық тез дайындалатын «БигБон» атты кеспесін өндіретін қосымша 1 желіні іске қосты. 2800,0 млн.теңге инвестиция тартылды. Қосымша жаңа тұрақты 50 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта зауыттың 2 кезектегі құрылысы жүргізілуде. 2 кезектегі жобаға сәйкес алкогольсіз сусындар өндіру цехы мен дайын өнім қоймасы орналасатын болады. Қосымша 100 жуық жұмыс орны құрылады. «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС  жалпы 2 кезектегі жоба құны 4,5 млрд.тенгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс құмыстары жүргізілуде.

2020 жылдың қыркүйек айында  қуаттылығы 3,0 МВт «Технобазальт» ЖШС-нің күн электрстанциясы іске қосылды. 1,2 млрд.теңге инвестиция тартылды, 10 тұрақты жұмыс орны құрылды.

2020 жылдың қараша айында  қуаттылығы 5,0 МВт «Сарыбұлақ» ЖШС-нің күн электрстанциясы іске қосылды. 1,7 млрд.теңге инвестиция тартылды, 10 тұрақты жұмыс орны құрылды.

«Арна» индустриялық аймағында жалпы құны 35,0 млрд.теңгені құрайтын 5 жобаны іске асыру жоспарлануда. («RBCProductionGroup» ЖШС көкөністерді өңдеу зауыты, «Казахстанский домостроительный комбинат» темір бетонды құрылғылар шығару зауыты, «Дольче Групп» ЖШС медициналық бұйымдар шығару зауыты, «Юнион продукт» ЖШС ет өңдеу зауыты,  «Грин Лэнд Алатау» ЖШС жылыжай кешенінің кеңейуі).

      Жалпы 2021 жылы 39000,0 млн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

      Қапшағай қаласы мен ауылдық округтерде  шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 3858 объектілер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысатындардың саны 17455 адамға жетті. Шағын кәсіпкерлік саласынан  бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 17081,2 млн.теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 91455,2 млн.теңгелік өнім өндірді.

     «Бизнес Бастау» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 135 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтті.

       Жыл басынан бері нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 13 кәсіпкер 54,8 млн. теңге  шағын несие алды. (оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 25,3 млн. теңгеге 7 жоба бойынша микрокредиттер берілді, қызмет көрсету саласына 6 жобаға 29,5 млн. теңгеге).

      Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 80 өтініш берушіге 44,4 млн. теңгеге  гранттар берілді (оның ішінде: көп балалы отбасылардан - 15 адам, мүгедек - 6 адам, 29 жасқа дейінгі 25 адам).

     Жыл басынан бері шағын және орта бизнестің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін «Бизнестің жол картасы 2025» аясында 680,4 млн.теңге сомасында 2 жоба қаржыландырылды:

- «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС кіретін теміржол құрылысына - 592,7 млн. теңге;

- «Кұмсуат Фарм» ЖШС үшін инженерлік желілердің құрылысы (380 кВ әуе желілері, сумен жабдықтау) - 87,7 млн. теңге.

     «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша (несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау және несиеге кепілдік беру) 1535,4 млн.теңге сомасына 11 жоба мақұлданды. Оның ішінде: пайыздық мөлшерлемені субсидияланды: «Бастау ЛТД 2006» ЖШС - 20,0 млн.теңге сомасына,  «КосАгроКоммерц» ЖШС -500,0 млн. теңге сомасына, «Бағашар Мекен» ЖШС 240,0 млн.теңге, ЖК «Байжұманов Г.К.» 7,0 млн.теңгеге.

      Айналым қаражатын толықтыру және несиеге ішінара кепілдік беру бойынша 768,4 млн. теңге мақұлданды, оның ішінде: «Арман» ЖК - 13,7 млн. теңге, «Сидорчук» ЖК - 48,9 млн. теңге, «КосАгроКоммерц» ЖШС 105,8 млн.теңге, «Бағашар Мекен» ЖШС 97,8 млн.теңге, ЖК «Байжұманов Г.К.» 2,1 млн.теңгеге, «ЛСТ Агро» ЖШС 500,0 млн.теңгеге.

      «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Қапшағай қаласынан 15 жоба қарастырылып, 2,5 млн.теңге сомасында 1 грант берілді  (ЖК «Аспан» қыш ыдыстар өндіру цехы).

       2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвестицияларды жүзеге асыру арқылы шағын орта бизнесте 25 нысан іске қосылып (сауда үйлері, кафе, демалыс базалары, ойын автоматтар залы, өндіріс нысандары) 1040 жұмыс орындары құрылды.

     «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 8673,5 млн.теңгеге 10 жоба бойынша өтінімдер келіп түсті, оның ішінде 7103,5 млн.теңге сомасына 8 жоба мақұлданды («Капшағай Бидай Өнімдері» ЖШС рапс майын өндіру жобасына 1900,0 млн.теңге, «Төреқұлов А.Т.» шаруа қожалығы 25,0 млн.теңге сомаға ет бағытындағы жылқылар сатып алу, 2450,0 млн.теңге сомасына жем қоспаларын өндіру жобасы бойынша «AGRO FOOD» ЖШС, «Unipak Шымкент » пластикалық контейнерлер өндірісінің жобасына 1284,0 млн.теңге, «ГринЛэндАлатау» ЖШС  жылыжай кешеніне 255,0 млн.теңге,  «ЛСТ АГРО» ЖШС  жылыжай кешеніне 1070,0 млн.теңге бөлінді).

        Қаладағы туризм саласының бір бөлігі Қапшағай су қоймасы ресурстарына негізделген. 2020 жылы 85 нысан жұмыс істеді. Мониторингке сәйкес демалушылар саны 263,5 мың адамды құрады, көрсетілген қызметтер  1580,0 млн.тенге (пандемия салдарынан туризм нысандары 50%  толтырыммен жұмыс жасады).

        Ішкі және кіру туризмін дамыту мақсатында Қапшағай қаласынынң әкімдігі келесі жұмыстарды атқарды:

        Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы («Алматы-Демалыс» демалыс аймағы) инфраструктураны жақсартудың 3 кезеңі аяқталды. (Жоба 2018 жылы басталды. Барлығы 14 көшеге, 11,6 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді). Жоба құны  - 946,8 млн.тенге.

        1,8 га жерде 40 жұмыс орны ашылумен «Comfort» қонақ үй-ойын сауық кешенінің ұлғаюы аяқталды. Жобаның жалпы құны 450,0 млн.тенге.

        Солтүстік жағалауда («Алматы-Демалыс» демыс аймағы) ауданы 2 га жерде 45 жаңа жұмыс орнымен «Аквапарк на море» демалыс базасы іске қосылды. Инвестиция құны 300 млн.теңгені құрады.

       2021 жылы туристтер санын 900 мың адамға жеткізуге, қызмет көрсету көлемін  2300,0 млн.теңгеге дейін ұлғайтуға жоспарлануда.

 

 Ауыл шаруашылығы

2020 жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 11 айдың қорытындысы бойынша 19423,9,0 млн.теңгені құрады және  2019 жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда 102,1%  орындалды.

2020 жылы мал басы санының өсімі артты: жылқы саны 8,3%, сиыр саны 15,2%, қой мен ешкі саны 7,6 %, сүт 2,9%, тірі салмақта мал етін дайындау 5,5%, жұмыртқа 8,4%-ға артты.

«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде «Бойқоныс» ШҚ Қалмақ тұқымының сүт бағытындағы 300 бас ірі қара малы сатып алынды. Инвестиция көлемі 165,0 млн. теңгені құрады, 10 жұмыс орны ашылды.

Кербұлақ ауылында «Ағайындылар» шаруа қожалығы 200 бас ірі қара малға етті бағыттағы арналған бордақылау алаңын салды. Қосымша 5 адам жұмыспен қамтылды. «БайтерекАгроСервис» ЖШС 500 басқа арнап бордақылау алаңдарын іске қосты.  

 «СД и КО» ЖШС консервіленген жеміс пюресін жасайтын технологияны іске қосты. 15 жұмыс орны құрылды, инвестиция көлемі 150,0 млн.теңгені құрады.

Қаланың 2 жылыжайында 11,0  мың тонна көкөнісі өндірілді.

2020 жылы егіс алқабы 13666,43 га құрады. Егіс алқаптарының құрылымы: дәнді дақылдар 4297 га, қант қызылшасы 867 га, майлы дақылдар 4062 га, көкөністер 1745,43 га, жемшөп 2155 га, картоп және бақша 540 га құрады.

2020 жылы қаланың ауылшаруашылық тауар өндірушілері ауылшаруашылық ұсыныстарына сәйкес ауылшаруашылық дақылдарын уақтылы егу және күтім мен егін жинау шараларын жүргізді.

Жалпы - 4297 гектардан 101480 цн астық жиналды, оның ішінде көктемгі арпа - 3941 гектардан 76800 цн, жүгері - 356 гектардан 2500,0 тонна, майбұршақ - 2620 гектардан 5580,0 тонна, мақсары - 1442 гектардан 1785 тонна, қант қызылшасы 867 гектардан 16901,0 тонна, көкөністер 1745 гектардан 87079 тонна, оның ішінде 1667 гектардан 84439 тонна пияз, 190 гектардан 4815 тонна бақша өнімдері, жемшөп - 2155 гектардан 21937 тонна жиналды.

Малдың қыстау мерзіміне өңір бойынша 33000 тонна шөп,  16,8 мың тонна сабан,   11,4 мың тонна фуражды астық дайындалды.

«Көксу қант заводына» қант қызылшасын тасмалдауға 10,4 млн.теңге шаруаларға төленетін болады.

Бюджеттен эпизотияға қарсы іс-шараларға 39,8 млн.теңге бөлініп жұмсалды.

-Сібір язвасына қарсы 6800 бас ірі қара, 68300 ұсақ мал, 2200 бас жылқы, 200 шошқа егілді.

- Оспаға қарсы 64350 бас ұсақ мал егілді;

-серологиялық (пастереллезға қарсы) 5300 бас ірі қара малы тексерілді, құтырмаға қарсы 2500 ірі қара, ящур ірі қара 13100, ұсақ малдар 135500.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысы бойынша бюджеттен 5,3 млн. теңге бөлінді, 1628 қаңғыбас иттер 41 мысықтар ауланды.

2021 жылға ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 22600,0 млн.теңгеге жеткізу көзделуде.

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және көркейту

 

      Қапшағай қаласында «7-20-25» Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қапшағай қаласының әкімдігі мен жеке құрылыс жүргізуші: «Термомакс» ЖШС, «Дифт Групп» ЖШС және «Хаммер Бау» ЖШС арасында Қапшағай қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойылды.

      «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында бес көп пәтерлі тұрғын үйден тұратын «Балсу» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 9368,5 шаршы метрді құрайды. Үйлердің тұрғын ауданы – 3429,3 м2.  Пәтерлердің жалпы саны - 90. (2019 жылы 1-кезеңде үш үй, 2020 жылы 2-кезеңде екі үй) (Құрылысшы көшесі, 18 үй, 19/19 мекен-жайында орналасқан). Құрылыс жүргізуші - ЛСТК «ТЕРМОМАКС» ЖШС.

Сондай-ақ құрылыс салушы «ДифтГруп» ЖШС 70 пәтерлі «Теңіз Тауерс» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. Орналасқан мекен-жайы: Қапшағай қаласы, «Ивушка» шағынауданы, Степная көшесі, № 4 жер телімі. Тұрғын үйдің жалпы ауданы - 5269,0 м2. Пәтерлердің жалпы ауданы - 3343,42 м2.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй – коммуналдық даму бағдарламасы аясында келесі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталды:

- «50 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйінің құрылысы» № 19 шағын аудан, №1 «А»;

- «50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысы» № 2 шағын аудан, № 47;

- «30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы», № 5 шағын аудан, 3/1.

2021 жылға келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:

50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және қолданысқа беру («Ивушка» шағын ауданы, Степная көшесі, №3) үшін 48,0 млн.теңге;

Жалпы 344,1 млн теңгеге 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы     (Заречный ауылы);

5,0 млн.теңгеге Қапшағай қаласындағы 3үй  60 пәтерлі үйлердің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге;

50,0 млн.теңгеге Қапшағай қаласындағы «Самал», «Ардагер» ықшамауданының құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай іс-шаралар атқарылып, көркейту, көгалдандыру, қаланы және ауылды елді мекендерді санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жылу жүйелерінің ұзындығы 58,4 шақырымды құрайды (магистральді 15,6 шақырым, бөлу жүйелері 42,8 шақырым). Жүйенің тозуы 40,0% құрайды.

Биыл жылу желілерінде 2 жобаны іске асыру аяқталды:
    18-ші шағын аудандағы Құрылысшы және Фрунзе көшелеріндегі жылу желілерін қайта реконструкциялау. Жобаның құны - 376,8 млн. теңге;
     4, 5-ші, «Ивушка» шағын аудандарында жылумен қамту желілерін реконструкциялау. Жобаның құны - 716,4 млн теңге.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020»  бағдарламасы аясында:

       "Қапшағай жылу" МКК газбен жабдықтау. Жобада жоғары қысымды газ құбыры - 1749 м, орташа қысымды газ құбыры - 130 м ГРП – 1 дана, жанарғы жабдығын ауыстыру-6 оттық көзделген.

       "Қапшағай қаласы Сейфуллин көшесіндегі ТК-0-ден ТК-2-ге дейінгі жылу трассасының учаскесін реконструкциялау және салу" (ауыспалы 2021 ж.).

       Су беру жүйелерінің ұзындығы 453,3 және кәріз жүйелерінің ұзындығы 173,2 шақырымды құрайды. Су жүйелерінің тозуы 79,0% немесе 358,1 шақырымды құрайды. Ал кәріз жүйелерінің тозуы 70,0% немесе 121,2 шақырымды құрайды.

      «Сумен жабдықтау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша  төмендегі жұмыстар атқарылды:

  - Қапшағай қаласының Қойшыманов көшесіндегі ВК № 132-ден ВК №252-ге дейінгі сумен жабдықтау желілеріне 28,6 млн. теңге;

  - Қосқұдық, Тасқұм, Боктер, Құлан-Төбе станцияларын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға, ұзындығы 43 км. Барлық жоба құны 379,7 млн.теңгені құрайды.

     «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020»  бағдарламасы аясында:

   - «Бақылау резервуарларынан Алматы көшесіне дейін су құбырының 2 желісін және Қонаев көшесі-Алматы айналма жолына дейін және Қапшағай қаласы Д-400 мм құбырын қайта жаңарту», жоба құны 310,5 млн.теңге (ауыспалы 2021 ж.);

    - «Қапшағай қаласының сумен жабдықтау объектілерінде қатаң режимдегі аймақтарды қоршау орнату», жоба құны 89,4 млн.теңге;

    - «Қапшағай қаласы, Инюшин көшесіндегі №4 КСС дейінгі өздігінен ағатын кәрізді реконструкциялау», жоба құны 21,2 млн.теңге.

       Газ беру жалғасуда. Қалада  аудандар арасында желілер жүргізілді. Бүгінгі таңда 3, 5, 8, 10, 18, «Гүлдер» «Спутник» және «Восточный» шағын аудандарында, Заречный , Арна ауылдарында 1843 тұтынушы газға қосылды. Газбен «Кнауф Гипс Капшағай» ЖШС, «Перлит Юнион», «Магнетик» және «Маревен Фуд Тянь-Шань» сияқты кәсіпорындар қосылған. 30,0 км газ желілері тартылды, қамту 12,0% құрады немесе 1861 тұтынушыға газ жеткізілді.

 Көркейту

       Шағын аудан алаңдарын көркейту жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы 514,0 млн. теңгеге 1,2,3-ші шағын аудандарында  16 алаң   жөнделді. Алаңдардағы тротуарлар жөнделді, көліктұрақтары жасалды, спорт алаңдары мен футбол алаңдары салынды, қоршаулар мен аулаларды жарықтандыру орнатылды. 

       Қапшағай қаласының 1 және 2 шағын аудандарындағы тұйық көшелерді абаттандыру, жоба құны 91,0 млн.теңге;

      Қапшағай қаласының қалалық ауруханасы аумағын абаттандыру, жоба құны 25,0 млн.теңге;

      Заречный ауылындағы стадионды абаттандыру, жоба құны 19,8 млн.теңге;

      Шеңгелді ауылындағы Қ. Жалайыр атындағы мектеп стадионын абаттандыру, жоба құны 19,5 млн.теңге.

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес Заречный ауылында  сомасы 5,4 млн.теңгеге  футбол алаңы орнатылды және Шенгелді ауылында 5,5 млн. теңгеге арық желісін абаттандыру, ағымдағы жөндеу жұмыстары, 2,4 млн. теңгеге Шенгелді ауылының көше жарықтандыру желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жолдар
       «Елді мекендерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

- бағдаршамдар мен жол белгілеріне және қаланың жасанды жол кедергілеріне  техникалық қызмет көрсету – 5,9 млн.теңге жұмсалды;

- қаладағы жолдарды белгілеуге 6,4 млн. теңге жұмсалды;

- автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстауға 47,8 млн.теңге бөлінді.

        Қаланың үш көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді (Сейфуллин к-сі 1908,6 м2, Достық - 208,2 м2, Абай -1565,6 м), бөлінген сома 6,5 млн.теңге.

       «Алматы-Демалыс» демалыс аймағының көшелеріндегі жолдарды күрделі жөндеуді аяқтауға 253,6 млн теңге бөлініп, жұмсалды. Ұзындығы 15 км болатын 14 көшеде жұмыс жүргізілді.

       Шеңгелді ауылындағы ұзындығы 3,1 км болатын 10 жолды орташа жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, 127,9 млн. теңге бөлініп, игерілді.

      «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында Заречный ауылында 5 көшенің жол жамылғысына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, бөлінген сома 48,8 млн.теңге;

     Шенгелді ауылдық округінің 5 көшесінің жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, жұмсалған қаражат -70,4 млн.теңге;

     Қалада Алматинская көшесіне, ұзындығы 2,2 км. орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді,  бөлінген 225,6 млн.теңге;

     Жамбыл көшесінің (Қонаев көшесінен жағажай жағалауына дейін) ұзартылуына орташа жөндеу жүргізілді, бөлінген 146,2 млн.теңге;

     Восточный ықшам ауданының 13 көшеде ұзындығы 3,4 км күрделі жөндеу жұмыстары жұргізілді, 360,6 млн.теңге қаражат бөлінді;

     Қапшағай аймағының көп балалы аналарына жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету үшін қалааралық автобус маршруттарында (таксиден басқа) 56,7 млн.теңге бөлінді(1350 адам) жұмсалды.

     Төтенше жағдай кезінде қоғамдық көліктердің санитарлық тазартылуын қамтамасыз етуге 1636,0 мың теңге және жедел штабтың жеке құрамының тасымалын қамтамасыз етуге 681,0 мың теңге бөлінді.

      2021 жылға келесі жобалар жоспарланған:

       Қапшағай қаласындағы 5 шағын ауданның жылумен жабдықтауды қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу 8,4 млн. теңге;

       Қапшағай қаласындағы 18 шағын ауданның жылумен жабдықтауды қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу 7,7 млн. теңге;

       Қапшағай қаласындағы ТК1-ден ТК14-ке дейінгі жылу магистралін қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу, 4,2 млн.теңге;

        Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ ауылдарының сумен жабдықтау жүйесін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, 5,0 млн.теңге;

       «Өңірлерді дамыту 2025 ж дейін» бағдарламасын іске асыруға Заречный ауылында скверді абаттандыруға 5,4 млн.теңге, Шенгелді ауылында шағын футбол алаңын абаттандыруға 7,95 млн.теңге, барлығы 13,35 млн.теңге қарастылды;

       Қапшағай қаласының аулаларын абаттандыру 2 кезең жобасына 500,0 млн.теңге;

       Қапшағай қаласының № 8 жағажайды абаттандыруға 300,0 млн.теңге;

       Қапшағай қаласында «Бульвар Мира» абаттандыруға 200,0 млн.теңге;

       Қапшағай қаласында 4, Шенгелді ауылында 1 спорт алаңдарын (жаттығу),  орнатуға 9,9 млн.теңге бөлінді;

       Қапшағай қаласының «Гүлдер», «Қарлығаш», 8 және 10 шағын аудандарының жолдарын күрделі жөндеуге 400,0 млн.теңге;

       Заречный ауылында 20 көше жолдарын орташа жөндеу техникалық құжаттама әзірлеуге 8,0 млн.теңге қарастырылды.

        Шенгелді ауылында 20 көше жолдарын орташа жөндеу техникалық құжаттама әзірлеуге 8,0 млн.теңге қарастырылды.

 Әлеуметтік сала

2020 жылы  жұмыспен қамту бөліміне 1903 жұмыссыз азаматтар жүгінді. Аталған бөлімнің қатысуымен 1318 адам жұмысқа орналастырылды. 3036 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Жыл басынан 101 азаматтарға келесі мамандықтар бойынша   (электргазбен дәнекерлеуші, аспаз, тракторист, электромонтер, кондитер, тігінші, ЭВМ операторы, визажист, шаштараз) қайта оқыту ұйымдастырылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 98 адам жұмысқа орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 725 адам жұмысқа жіберілді, оның  105-і ауылдық жерлерден, 557 жұмыспен қамтылды.  

Халықтың арнаулы тобынан әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам жұмысқа жіберіліп, 31 жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасына 51 адам жіберілді, оның 45 тұрақты жұмыспен қамтылды.

13 азаматқа шағын несие берілді. Осы мақсаттарға 54,8 млн.теңге бөлінді.

Есептік кезең ішінде келесі  атаулы әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді, олар:

- жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1337 алушыға 118290,4 мың.теңге  төленді;

- 273 отбасы 2700,0 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегін алды;
- 31 адамға мүгедек балаларды үйде оқыту және тәрбиелеу үшін 1994,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек берілді;

- 6762,8 мың теңге сомасында әлеуметтік көмекті 73 туберкулезбен ауыратын науқас алды;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 254,9 мың теңгеге, 103 ауған соғысы ардагерлеріне 5150,0 мың теңге компенсация төленді;

- Ұлы Отан соғысының 3 қатысушысына және мүгедектерге 3000,0 мың теңге мөлшерінде бір жолғы көмек көрсетілді, АЭС апатынан зардап шеккен 27 азаматтарға  1350,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді; Жеңістің 75 жылдығына орай 370 тыл еңбеккерлеріне 22400,0 мың теңге біржолғы көмек көрсетілді.

- төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде Қапшағай қаласы халқының нысаналы топтарынан (мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған барлық топтағы мүгедектер, жұмыссыздар) 4443 адамға 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді, жалпы сомасы 69758,6 мың теңгені құрайды.

- ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек бойынша отын сатып алуға 508 адамға 7056,0 мың теңге сомасында төленді.

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға 11 адам 458,4 мың теңге.

- аз қамтылған көп балалы отбасылардың тәрбиеленушілеріне (АӘК алушылар) 37 балаға 12287,2 мың.теңге сомада мектепке дейінгі бала бақша мекемелеріне ата-ана төлемақысын 100% субсидиялау.

-  өрттен зардап шеккен 2 отбасына 1086,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік  көмек көрсетілді;

- Қаржыландырудың барлық көздерінен 465 адамға 4800,0 мың теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

     Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан бөлінген  жолдамалар бойынша 159 адам денсаулығын түзетсе, 68 мүгедек қол арба, ал 66 мүгедек ортопедиялық көмек алды. Жыл басынан бері 41 мүгедек тифло-сурдо құралдарымен, 170 мүгедек міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді, 85 өздігінен қозғала алмайтын 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші тағайындалды.

     Қала мен өңірде 265 аз қамтылған отбасылар (1390 адам) мен әлуметтік жағдайы төмен мектеп оқушыларға ақысыз тамақпен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі балаларды балабақшаларға тегін тіркеу, көп балалы аналарға қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру билеттері беріледі.

     «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 маманға 555,6 мың теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы берілді, 2 маманға 8334,0 мың теңгеге ауылдық жерлерде баспана алуға несие берілді.

      2021 жылға сомасы 50,0 млн.теңгеге әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсыну қарастырылуда.

      «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешен мамандарына  көтерме жәрдемақы мен үй сатып алуға несие беруге 9,3 млн.теңге қарастырылған.

 

Білім саласы

Қалада және аймақта 7 мемлекеттік, 10 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме,  5 шағын орталықтар жұмыс атқарады.

Барлығы 3166 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелемен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 100,0% құрады.

Мектепке дейінгі білім беру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

- "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру аясында  "E-ZHETYSU.KZ" порталы арқылы ата-аналар балаларын онлайн режимде кезекке қояды.

Орта білім

          Қалада және аймақта 15 орта мектеп бар, оның ішінде 8-і қалада,   7-і аймақтарда.  2019-2020 оқу жылында  Қапшағай қаласының білім сапасы 70% құрады.  Алматы облысында алдыңғы қатарда.

Ұлттық біріңғай тестілеуге 285 оқушыдан 207 оқушы қатысты.    31 «Алтын белгі» иегері мен 15 үздік атестат иелері айқындалды. 181 түлек мемлекеттік грантқа ие болды,  бұл 87,4% құрайды. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 9 сынып аз қамтылған отбасыларына арналып  75 оқушыларға колледжге гранттарын алды.

15 жалпы білім беретін мектеп 100%  интернетке қосылған. Барлық мектептер «Күнделік», «BilimLand», «Ұлттық білім беру базасы», «Онлайн Сабақ» жүйелеріне қосылған. 

Білім сапасы пәндік олимпиадаларда, зияткерлік сайыстарда, ғылыми жобаларды қорғауда дәлелденуде:

   - «Дарын» аймақтық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары 24 оқушыны құрады;

   - 30 оқушы облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары атанды, оның ішінде 1 орын - 2, II орын - 9, III орын – 19 алды;

   - Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері - орта мектеп гимназиясының және №2 гимназияның 2 оқушылары танылды;

   - орта мектеп гимназиясы мен №2 гимназияның 4 оқушысы халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары атанды.

     Білім беру саласын цифрландыру бойынша 9,5 млн.теңгеге IT-сынып кабинеті сатып алынды (Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия). 8,8 млн. теңгеге ЛМК кабинеті сатып алынды (Кербұлақ ауылында №7 орта мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп), 8,1 млн теңгеге физика кабинеті сатып алынды (Қ.Қайсенов атындығы № 4 орта мектеп),   6,8 млн теңгеге химия кабинеті сатып алынды (А.Жубанов атындығы № 5 орта мектеп).  11,7 млн.теңгеге 75 компьютер сатып алынды.

         2020-2021 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 83,1 млн.теңге бөлініп 41 749  дана кітаптар сатып алынды.

     Қала және  аймақтағы  білім беру ұйымдарына 808 ноутбук және 1225 компьютерлік техника сатып алынды.

Ауылдық елді мекендерді сапалы интерпен қамтамасыз ету бойынша:

Шеңгелді ауылындағы №6 ОМ        -  2 457,0 мың теңге,            

Кербұлақ ауылындағы №7 ОМ         -  2 457,0 мың теңге, 

Сарыбұлақ ауылындағы №8 ОМ -  1 850,0 мың теңге,

Ақөзек ауылындағы №10 ОМ – 1 850,0 мың теңге қаражаттар бөлініп, қосымша интернет желісін кеңейту үшін вай - фай құрылғылары орнатылды.

Қаладағы  «Қарлығаш» ықшамауданында меценаттар тарапынан  4,2 млн. теңге қаражат бөлініп, 70 отбасы   108 бала интернетпен қамтылды.

Қаладағы №4 саяжайда интернет желісін орнату үшін қала әкімінің резерві бюджетінен 10,0 млн. теңге қаражат бөлініп,  бүгінгі таңда интернет желісі толығымен орнатылып жақсы жұмыс жасауда.

          2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020»  бағдарламасы аясында:

          Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;

         Ш. Уалиханов атындағы №2 гимназияға мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді;

         №3 орта мектепте мектеп стадионы және мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

        2021 жылға Қапшағай қаласында 900 орындық мектеп салуға 500 млн.теңге жоспарланды.

 

Денсаулық саласы

 

     Денсалықсақтау саласында 17300 адам тексеріліп, 1410 науқас диспансерлік тіркелімге алынды. Күндізгі стационарда емделгендер саны 3233 адамды құрады, ал тәуліктік стационарда 6774 науқас емделді. Халықтың денсаулығын нығайту және науқастану жағдайларының алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салты» бағдарламасына қатысты жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен жүзеге асырылды.

     2020 жылы коронавирустық инфекциямен күресу үшін жұқпалы аурулар бөлімі қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге бюджеттен 142,9 млн.теңге бөлінді.

     2020 жылы құны 217,2 млн.теңгеге медициналық жабдық, оның ішінде ((«Поли-Спектрум SM» 2 холтерлік ЭКГ машинасы, зертханалық микроскоп - 2 құрылғы, спектрофотометр, инфузиялық сорғы, науқастарға арналған монитор ВM - 1.)

   Аурулардың түрлеріне сәйкес амбулаториялық деңгейде науқастар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілген, бөлінген сома 631,5 млн.теңгені құрады.

       2021 жылға балалар емханасының ғимаратын сатып алуға 28,0 млн.теңге, күрделі жөндеуге жобалау сметалық құжат әзірлеуге 22,5 млн.теңге жоспарланды.

 

                                        

 Мәдениет және спорт

 

Қала тұрғындарының бос уақыттарын, демалыстарын ұйымдастыру жөніндегі істер тұрақты түрде жүзеге асырылуда. 2020 жылы Қапшағай қаласы мен өңірде 632 мәдени шаралар және конкурстар ұйымдастырылып, өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 266 шара ұйымдастырылды, 152,5 мың адам қатысты. Барлығы 80 мақала жарияланды.

         Қалада және ауылдық округтерде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бұқаралық спортты дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Қалада барлығы 22 спорт түрі бойынша 176 спорт нысандары мен 2 жасөспірімдер спорт мектебі бар, оған 1800 адам қатысады. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 18330 адамды немесе қала халқының 30,2% құрады.

         2020 жылы 3 спорт шебері оқытылды, 6 спорт шеберіне үміткер, 8 спортшы ересек спорт разрядына тағайындалды, 26 спортшы жасөспірімдердің жаппай санаттарына ие болды. Жарыстарда 130 медаль жеңіп алынды, оның ішінде 36 алтын, 32 күміс және 62 қола.

Биылғы жылы Заречный ауылында 2 футбол алаңы салынды.

№ 1, 3 және 6 жалпы білім беру мекемелеріндегі стадиондарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Стадионда жүгіру жолдары, стрит воркаут алаңдары және жарықтандыру қарастырылған.

 

                                                  

 Қоғамдық тәртіп

2020 жылы барлығы 497 қылмыс тіркелді (2019 жылдың осы мерзімінде 606 қылмыс жасалған) көрсеткіш 18,0% төмендеді, қылмыс ашылу деңгейі 81,2% құрады.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес құқық қорғау саласына қоғамдық құрылымдарды тарту, оны дамыту бойынша іс-шаралар атқарылуда.

Нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп, аймақтың білім беру мекемелері үнемі «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында дәрістер, әңгімелер, бейнероликтермен акциялар өткізіп тұрады.

Қаланың қылмыстық жағдайын сауықтыру бойынша қабылданған шаралар  аясында «Жасөспірім», «Мектеп кештері», «Түнгі қаладағы балалар», «Отбасы және балалар» іс-шаралары  өткізілді. Жасөспірімдердің жиналатын жерлерін анықтау мақсатында рейдтік тексерулер жүргізілді.

                                  

 Әкімнің бақылауында

 

2020 жылдың қаңтар айында Қапшағай қаласының әкімі қала тұрғындарымен  5 есепті кездесулер өткізді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында тұрғындардан әр-түрлі әлеуметтік сауалдар қойылды. Кездесулер барысында қала әкімі тарапынан түсініктемелер берілді.

Қаржы бөлінуді қажет ететін және жоғары тұрған органдармен келісуді талап ететін 17 ұсыныс көтерілді, аталған сұрақтар есеп беру кездесулерін өткізу кезінде азаматтардың айтқан ұсыныстарын  жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді, олар: 2 - жол жөндеу мәселесі, 1 – тұрғын ұй мәселесі жөнінде, 8 – абаттандыру бойынша, 1 –  тұрғын үй коммуналдық саладағы цифрландыру бойынша, 2 – елді мекендерді электрлендіру бойынша, 1 – мәдениет объектілерін жөндеу және салу бойынша, 1 – апатты жағдайдағы үйді бұзу бойынша және 1 – стадион құрылысы бойынша.

          Қазіргі уақытта көтерілген 17 мәселенің толығымен орындалғаны 11. 6 ұсыныс бойынша қаражат бөлінгеннен кейін жалғастырылады.

Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында қаралып, орындалу нәтижелері туралы ақпараттар «Нұрлы Өлке» газетінің беттерінде және қала әкімінің ресми интерент ресурсына жарияланған.

Осы бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасатын болады.