VII шақырылған Қапшағай қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА  

VII шақырылған Қапшағай қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы  ХАБАРЛАМА   

  2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қапшағай қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Қапшағай қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 47528 азамат енгізілді,  оның ішінде 33295 адам немесе 70,05 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 33261 адам қатысты, оның ішінде  дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде 213 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы – 27378 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 82,31 % ;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2820 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,48 % ;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы  – 2690 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,09 % ;

«ADAL» саяси партиясы – 373 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,12 %.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленген:

«Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –1 мандат.

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы   - 1 мандат.

                           Қапшағай  қалалық сайлау комиссиясы