«Жетісу Жұлдыздары-2020» облыстық онлайн балалар шығармашылық байқауының Қапшағай қаласының жүлделі орын алған өнерпаздары

«Жетісу Жұлдыздары-2020» облыстық онлайн балалар шығармашылық байқауының Қапшағай қаласының жүлделі орын алған өнерпаздары

 Үстіміздегі жылдың 22-23 қазан күндері облыс әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі XVIII «Жетісу жұлдыздары-2020» қашықтықтан (онлайн) балалар шығармашлығы байқауы өткізілді. 6 қараша күні сағат 10:00 де Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында байқау жеңімпаздарының онлайн-марапаттау рәсімі өтіп, әр аудан және қала үміткерлері  ZOOM онлайн –конференциясы арқылы  аталған марапат рәсімін тамашалады.

Қапшағай қаласынан 16 үміткер әр-түрлі номинация бойынша қатысып соның 8 үміткері жүлделі орынға ілінді.

Әр үміткерге дипломмен ақшалай сертификат табысталды, атап айтсақ: би номинациясы: үлкен топ арасында арнайы жүлдені Қапшағай қаласының «Қосалқа» би тобы, эстрадалық ән номинациясымен  үлкен топ бойынша 1 орынды Ардақ Мұрат, арнайы жүлдені Избасар Аяжан, эстрадалық ән номинациясымен  орта топ арасында  1 орынды Елизавета Пантелеева, осы номинацияның кіші тобымен 2 орынға - Алтынай Жақсылық, аспапта ойнау номинациясымен үлкен топ арасында 3 орынды Ульяна Ковалева,  осы номинацияның орта топ арасында  1 орынды  Давид Ложкин, және кіші топ арасында 2 орынды  Шарафат Серікұлы мараптталды.  Үміткер-жас өнерпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз! Биік шыңнан көріне берулеріне тілектеспіз!!!

               Авторы: Қапшағай қалалық мәдениет үйінің әдіскері А.Бисенғалиева