«Дана мұхтардың- дара шәкірті»

«Дана мұхтардың- дара шәкірті»

 2020 жылғы 4 қараша күні  Халық жазушысы, абайтанушы, мұхтартанушы, ұлағатты ұстаз  Камен Оразалиннің 100 жылдығына орай  «Дана Мұхтардың – дара шәкірті» тақырыбында онлайн-сұхбат  әдебиетші, жазушының рухани шәкірті, ҚР Құрметті депутаты, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеубек Аманғазыұлымен  инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирде өткізілді.

Сұхбат барысында қонағымыз Т.Аманғазыұлына: Кәмен Оразалиннің  100 жылдығына орай жазушының туған елінде қандай шаралар атқарылды, Жазушы Кәмен Оразалинді алғашқы көруіңіз? Кәмен ағаның ұрпақтары туралы тоқтала кетсеңіз, ізін жалғастырып, жолын қуған балалары бар ма? және тағда басқа сұрақтар қойылған болатын, осы сұрақтарға толықтай жауап алынды.

Сонымен қатар тікелей эфир кезінде әлеуметтік желі оқырмандары арасында да сұрақтар қойылды.

Т.Аманғазыұлы сұхбат барысында бұрын мүлдем естілмеген, баспа беттерінде шықпаған деректер туралы айтып өтті. Ұлылар жалғастырған дара жол туралы мұғлұматтар бере отырып, тыңдармандардың таным-көкжиегін кеңейтті. Интернет парақша оқырмандарына сұхбат көңілінен шығып ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Осы сұхбат Arna.dk инстаграм парақшасында сақталды, әрбір  онлайн -оқырман  осы сұхбатты көріп тамашалай алады.

 

Авторы: Арна ауылдық клубының директоры - Серікболсын Қыдырбайұлы