"Хевел" компаниялар тобы Қазақстан Республикасында екі күн электр станциясын пайдалануға берді

"Хевел" компаниялар тобы Қазақстан Республикасында екі күн электр станциясын пайдалануға берді

«21» қазан 2020 ж., Алматы облысы, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының Алматы облысында қуаты 3 МВт "Қапшағай" және қуаты 4,95 МВт "Сарыбұлақ" күн электр станциялары пайдалануға берілді. Жаңа генерация объектілері құрылысының инвесторы және бас мердігері "Хевел" компаниялар тобының құрылымдары болды.

Жаңа күн электр станциялары Күнді бақылау жүйелерімен жабдықталған. Трекер қондырғылары күннің қайда орналасқанын бақылайды және автоматты түрде күн модулдерінің тиімді бағытын қамтамасыз етеді. Осылайша, электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйенің статикалық орналасу әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ға артады.

Екі КЭС-тің жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт*сағ құрайды, бұл атмосфераға CO2 бөлінуінің 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық электр энергиясы Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне түсетін болады.

"Қапшағай" КЭС және "Сарыбұлақ" КЭС пайдалануға беру - Қазақстан аумағында күн генерациясы объектілерін салу бойынша "Хевел" КТ бағдарламасын іске асырудың кезекті кезеңі. Ағымдағы жылдың мамыр айында Ақмола облысында ТМД елдерінің аумағындағы ең ірі күн электр станцияларының бірі - қуаты 100 МВт "Нұра" КЭС ашылды.

Қазақстандағы компания жобаларының жалпы көлемі 248 МВт құрайды, оның ішінде 2019-20 жылдары сатып алынған "Күшата" КЭС (10 МВт), "Шоқтас" КЭС (50 МВт), "Жаңақорған" КЭС (10 МВт), "Хевел" құрылыс құқығын 2018 жылы ЖЭК жобаларын аукциондық іріктеу қорытындысы бойынша алған жиынтық қуаты 70 МВт Кентау мен Шымкенттегі КЭС.

 

 

***

"Хевел" компаниялар тобының негізі 2009 жылы қаланған, күн энергетикасы саласындағы Ресейдегі ең ірі біріктірілген компания болып табылады. Компанияның құрылымына үш бөлімше кіреді: Новочебоксарскідегі (Чуваш Республикасы) күн модульдерін өндіру жөніндегі зауыт, күн электр станцияларын жобалайтын, салатын және пайдаланатын девелоперлік бөлімше, сондай-ақ фотовольтаика саласында Ресейдегі ірі бейінді ғылыми ұйым болып табылатын энергетикадағы жұқа қабатты технологиялар ғылыми-техникалық орталығы (Санкт-Петербург қ.)..

 

2014 жылдан бастап компания Алтай, Башқұртстан, Бурятия, Қалмақия, Адыгея республикаларында, Астрахань, Волгоград, Орынбор және Саратов облыстарында 719,5 МВт, Қазақстан Республикасында 108 МВт желілік күн генерациясын салды. Ресейде желілік өндіру жобаларының жалпы көлемі 2022 жылға дейін 907,5 МВт, Қазақстан Республикасында – 248 МВт құрайды.

www.hevelsolar.com