«Мерекеңмен шуақты қалам Қапшағайым»

«Мерекеңмен шуақты қалам Қапшағайым»

Биыл Қапшағай қаласына 50 жыл толды.  Дүниежүзінде белең алған пандемия індетінен сақтану үшін күшейтілген карантиндік шараларды  және санитарлық нормаларды сақтай отырып, қаламыздың 50 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиын  9 қазан күні  қалалық мәдениет үйінде өтті.

Мерекелік жиын барысында күннен-күнге гүлденіп, көркейіп, дамып келе жатқан шаһар жұртшылығын  қала әкімі Н.Құматаев құттықтап, қаланың алғашқы құрлысшылары мен өміріне белсене араласып жүрген  біршама азаматтарды марапаттады.

Мерекелік кештің қонақтары Қазақстанның халық әртісі,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрмет және Парасат  орденінің иегері, академик, профессор,  аты аңызға айналған күміс көмей, жез таңдай әнші    Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген әртісі,   Құрмет және Парасат  орденінің иегері Майра Ильясова, халықаралық байқаулар лауреаты, «Қыздар-ай» тобының әншісі Айнұр Сағи, «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі  және қалалық мәдениет үйі, Шеңгелді ауылдық мәдениет үйі, Арна ауылдық клубының өнерпаздары әннен шашу шашып, ыстық лебіздерін білдірді. Мерекелік кеш қала тұрғындарының көңілінен шықты.

А.Бисенғалиева

Арна ауылдық клубының әдіскері