Қапшағай қаласының 50 жылдық мерейтойына арналған кітапханада өткен 50 шара мәліметі

Қапшағай қаласының 50 жылдық мерейтойына арналған кітапханада өткен 50 шара мәліметі

9 қазан Қапшағай қаласының 50 жылдық мерейтойына орай қалалық кітапхананың инстаграм және фейсбук әлеуметтік желі парақшаларында «50 жылдыққа 50 шара» атты іс-шаралар желісі өтті. Шара «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Б.К.Шайкенованың және «С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» директоры Ғ.С.Тоқабаеваның құттықтауынан басталды.

Қапшағай қаласының тарихы туралы жазылған кітаптарды насихаттау мақсатында 30 жылдыққа жазылған Т.Әкіштің «Қапшағай үшінші мыңжылдық ғасыр жолында», 35 жылдыққа жазылған С.Сәлімбаевтың «Қапшағай қаласына 35 жыл», 40 жылдыққа жазылған «Қапшағай теңіз жағасындағы қала», Ж.Қожамқұловтың «Шежірелі Шеңгелді», В.Таранның «Солнечный город», А.Жақиянованың «Қанат жайған Қапшағай», М.Сергебаевтың «Моя земля, мой земляки» кітаптарына саммари түсіріліп, кітаптардың қысқаша мазмұндары айтылды. Қапшағай қаласы әкімінің қолдауымен жарық көрген, мерейтойға арнайы жазылған «Қазыналы Қапшағай» және С.Айсағалиеваның «Қапшағай 50» кітаптары буктрейлер арқылы оқырмандарға таныстырылды.

Жергілікті қаламгерлеріміз, Ж.Қожамқұлов қала тұрғындары мен қонақтарын мерейтоймен құттықтаса, А.Жақиянова, Б.Байлов, М.Әнербай сияқты қаланың ақындары қалаға өз арнауларын оқыды.

Кітапхана жанынан құрылған «МАСАТ» клубының мүшелері А.Жақиянованың «Қапшағай туралы ода» өлеңінің эстафетасы оқылып, кітапханада жыл бойы мерейтойға өткен шаралардың бейне слайды және «Қапшағай тарихи күнтізбе» атты қаланың құрылған кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі атаулы даталары кезең-кезеңмен көрсетілген хронологиялық дайджсеті көрсетілді.  Қаланың орналасқан жерінің тарихы туралы «Қапшағай Таңбалы тасы» медиа слайд, «Көшпенділер қалашығы», «Қапшағайдың көрікті желері» видеолары жарияланды.

Шаралардың мақсаты – өлке материалдарымен танысу арқылы жас ұрпақ, қала тұрғындары мен қонақтары өзінің өлкесінің тарихын білуге, өз еліне деген құрметін, өз жеріне деген сүйіспеншілікпен қарауды қалыптастыру және патриоттық сезімдерін ояту.

Бөлім меңгерушісі Ф.Мырзагалиева