Ұзындығы 3,5 шақырым құрайтын Восточный шағынауданының 13 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалынуда. Мердігер мекеме «Атырауинжстрой АИС» ЖШС-гі. Қазіргі уақытта Қыз Жібек, Восточный және №3 көшеге бордюр, поребрик салу және электр желілерінің орнын ауыстыру жұмыстары жасалынуда. Қыз Жібек көшесінің асфальтобетон жабындысын салуға негіздемесі дайындалды. Қалған көшелердің асфальтобетон салуға негіздемелері дайындалуда. Аталған жұмыстар Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, техникалық қадағалау «Компания Құрылыс Көмек» ЖШС-нің және авторлық қадағалау «Гидротехник Жоба» ЖШС-нің бақылауында. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын Алматинская көшесіне орташа жөндеу жүргізілуде. мердігер мекеме «Golden city DS». Техникалық қадағалау «Алматы құрылыс эксперт». Қапшағай қаласы жұмыспен қамту орталығы арқылы қаланың 8 тұрғыны жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта аялдама павильоның салу, бордюр салу, негізгі жол бетін салу жұмыстары аяқталды. Жолдардың жанасуы мен жол бойындағы құдықтардың деңгейін көтеру жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар жол белгілері мен жол жолақтарын салу жұмыстары жоспарлануда. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айының сонына жоспарланған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауылдың округтардың 10 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «МАКСДОРСТРОЙСЕРВИС-21» ЖШС-гі. Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 50 тұрғын жұмыспен қамтылды.
- Шеңгелді ауылдық округі бойынша : ұзындығы 0,760 шақырым құрайтын Қосқұдық ауылы Алтынсарин көшесіне, ұзындығы 0,970 шақырым құрайтын Кебұлақ ауылы Орталық аллеяға, ұзындығы 0,7 шақырым құрайтын Шеңгелді ауылы Жамбыл, ұзындығы 0,150 шақырым құрайтын Қожахан баба көшесіне, ұзындығы 0,740 шақырым құрайтын Ақөзек ауылы Төле би көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
-Заречный ауылдық округі бойынша: ұзындығы 0,411 шақырым құрайтын Заречный ауылы Тәуелсіздік, ұзындығы 0,356 шақырым құрайтын Желтоқсан, ұзындығы 0,225 шақырым құрайтын Садовая, ұзындығы 0,506 шақырым құрайтын Толе би көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қапшағай қаласы, Қонаев көшесінен Набережная көшесіне дейінгі Жамбыл көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ұзындығы 0,7 шақырымды құрайды.