
Шараның басты мақсаты Қытайдың Шандунь провинциясындағы Линьи қаласынан келген өндірушілер мен қазақстандық кәсіпкерлер арасында тікелей іскерлік қарым-қатынас орнату.
Көрмеге Линьи қаласынан келген 100-ден астам компаниялар мен зауыттар қатысты. Олар өз өнімдерін ұсынып, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.
Шараға Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлы мен Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков арнайы барып, көрмені тамашалап, өткен конференцияға қатысты.
Қытай тарапы осындай көрмені алдағы уақытта Жетісу облысының Талдықорған қаласында өткізуге ниетті екендігін білдірді.
Көрмеге құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы техникасы, металл бұйымдары, электр жабдықтары, күн және жаңартылатын энергия көздеріне арналған құрылғылар, сондай-ақ тұрмыстық тауарлар көрсетілді.