Конкурс өткізу туралы хабарландыру!!!

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!!!

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің техникалық ақауларға байланысты өтінімдерді ұсыну мерзімі 2025 жылғы 12-16 мамырдан ағымдағы жылғы 19-23 мамырға ауыстырылды.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Жетісу облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ;
электрондық поштаның мекенжайы: dpp_mb@mail.ru;
байланыс телефоны: 8 (7282) 32-93-92.
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беру орны: (https://www.kezekte.kz) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2025 жылғы «19» мамырдан бастап 2025 жылғы «23» мамырға дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына хабарласуға болады: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 1 қабат, оң қанат, 106 кабинет немесе 8 (7282) 32-93-92 телефоны арқылы.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің «Жетісу облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ ресми сайтында және Instagram https://www.instagram.com/zhetysu_kasipkerlik_basqarmasy?igsh=NTZucGdvaWE3aDM5 мен Facebook https://www.facebook.com/share/bGYGexu5XLKJB8WL/?mibextid=LQQJ4d әлеуметтік желілерінде танысуға болады.