
2026 жылғы 4 қыркүйекте Талдықорған қаласында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының бастығы Қанат Жақсыкелдіұлы Өтесеитовтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Іс-шара мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және кәсіпкерлік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы барысында туындайтын проблемалық мәселелерді жедел шешу мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері заңдылық, ашықтық және айқындық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау және қоғам мен кәсіпкерлік ортада тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігіне назар аударды.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекет пен бизнестің өзара сенімін нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғам мен кәсіпкерлік ортада сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді.