Бизнес қауымдастықпен кездесу

Бизнес қауымдастықпен кездесу

2026 жылғы 24 маусымда Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз қала» тақырыбында «Заң және Тәртіп» идеологемасы аясында кездесу өтті.

Отырысқа облыс прокуратурасының, Полиция департаментінің, Талдықорған қаласы полиция басқармасының, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ бизнес қауымдастық қатысты.

Кездесу барысында «Заң және Тәртіп» идеологемасының негізгі қағидаттары түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша ақпарат берілді. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларын орнату, дабыл батырмаларын енгізу және ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізу мәселелері талқыланды.