Жетісу облысында жыл соңына дейін жоспарланған барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі

Жетісу облысында жыл соңына дейін жоспарланған барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі

Биылғы жылдың қаңтар-қарашасында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,9%-ды құрады. Салалар арасында ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетіп отыр, оның көлемі 1,1%-ға, өнеркәсіп – 3,9%-ға, сауда – 1,8%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 19,4%-ға және құрылыс 7,8%-ға ұлғайды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірге 10,4% өсіммен 452,5 млрд. теңге инвестиция тартылған, оның ішінде жеке инвестициялар 306 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 100,5%. Көлік қызметтерінің көлемі 208,5 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 136,6%, байланыс қызметтері – 9,6 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 105,3%.

Жыл соңына дейін жоспарланған барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.