ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАУАРЛАРЫ МЕН САУДА ЭКСПОСЫ (CACTEXPO 2025)

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАУАРЛАРЫ МЕН САУДА ЭКСПОСЫ (CACTEXPO 2025)

2025 жылғы 4-6 шілде аралығында Қытай-Қазақстан халықаралық көрме орталығында Орталық Азия тауарлары мен саудасы ЭКСПОСЫ – CACT EXPO 2025 өтеді. Бұл — өңірдегі өндірушілерді, инвесторларды және серіктестерді біріктіретін ауқымды іскерлік шара.

Іс-шараның мақсаты — Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту, тауар айналымын кеңейту, жаңа логистикалық бағыттар мен кооперациялық платформаларды іске қосу.
EXPO 2025 тақырыбы:
«Орталық Азияның тартымдылығы: Қорғас — бизнестің платформасы» Көрмеге қатысушылары:
 өз тауарлары мен қызметтерін таныстыра алады,
 шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орната алады,
 панельдік сессияларға, B2B-кездесулерге және салалық форумдарға қатыса алады.
Өтетін орны:
Қытай-Қазақстан халықаралық көрме орталығы,
«Қорғас» ШЫХО — визасыз экономикалық ынтымақтастықтың бірегей аумағы.

БАҚ үшін байланыс: +7 707 127 0720
«Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметі