Биыл Жетісуда «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тағы 44 нысан салынып бітеді

Биыл Жетісуда «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тағы 44 нысан салынып бітеді

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, осы жобаның аясында облыста жалпы құны 12,7 млрд. теңге болатын 59 нысанның құрылысы қарастырылған, соның 15-і дәрігерлік амбулатория, 39-ы фельдшерлік-акушерлік пункт және 5-еуі медициналық пункт.  Аталған нысандардың 15-інің құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған, 44-інің құрылысы биылғы жылы да жалғасады. Қазіргі кезде олардың дайындығы орта есеппен - 83%. Бөлінетін қаражаттың көлеміне қарай нысандардың бірқатарының құрылысын маусымда, тағы бірнешеуін тамызда аяқтау жоспарланған. Оған қоса инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы жүргізілуде, қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. Нысандардың дайындығы орта есеппен 80%, жұмыстар маусым айында толығымен аяқталады.

- Жалпы алғанда «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы тұрақты бақылауда, - деді Б. Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосурет облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды