
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы №189 бұйрығымен 16 сәуір - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі болып анықталды. Биылғы жылдың 16 сәуір күні Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А. Бекетаев Жетісу облысы әкімінің орынбасары атынан Алғыс хаттармен коммуналдық мекемелердің 16 қызметкерлерін құттықтады.