
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақ-жауаптар тізбесі
|
№ |
Санаты |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
||||||
|
1 |
Тұрғын үймен қамтамасыз ету |
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үй кезегіне тұру үшін қандай рәсімдерді атқаруы қажет? |
Барлық өтініш беру рәсімі онлайн режимінде orken.otbasybank.kz арнайы платформасы арқылы жүзеге асырылады. Алайда сайтқа өтініш беру алдында электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажет. Бұл да ЦОН-ға бармай-ақ онлайн түрде жасауға болады. Бұл жағдайда азамат веб-камера арқылы ноутбук немесе мобильді құрылғыдан видеоидентификациядан өтуі тиіс. |
2024 жылғы 22 қарашадағы №138-VIII Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, соның аясында өзгерістер, толықтырулар мен түсіндірулер енгізілді. 2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жекеменшік тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйден мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау, сондай-ақ есепке қою және кезекке қою тәртібі» бөлігінде заңды күшіне енді және мұқтаж азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жекеменшік тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйден тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау функциясы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына берілді. |
Тұрғын үй |
|
|
2 |
Тұрғын үйге газ желісін қосу |
Жеке тұлға баспанасының аумағындағы газ желісіне қосылу тәртібі қандай? |
Бүгінгі таңда жеке тұлға баспанасын газ желісіне қосу үшін ұлттық операторға немесе аттестатталған мамандырылған ұйымға өтініш береді. Өтінішті беру рәсімі «eGov.kz» электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне кіріп «Жылжымайтын мүлік» - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бөлімін таңдап онлайн форматта жүргізеді. Қызметті көрсету мерзімі: техникалық күрделі емес объектілері үшін – 5 жұмыс күні; техникалық күрделі объектілер үшін – 10 жұмыс күні. |
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-IV Заңының 19-бабы Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану. 3-тармағы Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату ұйымымен немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесімен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті. Техникалық шартты алу үшін ең алдымен жеке тұлғаның 1)жеке басын куәландыратын құжатты. 2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін; 3) Нысанның құқық белгілейтін құжаттын көшірмесі; 4) «eGov.kz» электрондық үкімет порталының Форма-2 (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілдің, қамауға алудың) жоқтығы туралы) анықтамасы қажет. Сонымен қатар осы заңның 5-тармағы Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады. |
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1200000532
|
Газ жүйесі
|
|
3 |
Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады? |
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау органы жүргізеді. Оған Электр энергетикасы туралы" Заңға және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес қашықтықтан бақылау, тексеру және тергеу кіреді. Бақылау жоспардан тыс тексерулер және объектілерге барумен профилактикалық бақылау нысанында жүргізіледі. Бақылау объектілері энергетикалық жабдықты иеленетін, энергия өндіруші (ЖЭК пайдаланудан басқа) және энергия беруші ұйымдар, сондай-ақ жүйелік оператор жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бақылау мыналарды қамтиды: 1. жабдықты пайдаланудың заңнамасы мен техникалық нормаларын сақтау; 2. станцияларды, желілерді және электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану; 3. электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігі; 4. ПТЭ және ПТБ білімін тексермей жұмыскерлерді шеттету; 5. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыстарды қоса алғанда, жөндеу жұмыстарын дайындау және жүргізу. |
Энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы Заңға сәйкес – қашықтан бақылау және тексеру, ҚР Кәсіпкерлік кодексі мен осы Заңға сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады. Энергетикалық жабдығы бар жеке немесе заңды тұлғалар, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды: 1) ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына; 2) энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына; 3) электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігіне; 4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді электр қондырғыларында жұмыс істеуге жібермеу немесе жұмыстан шеттету бойынша; 5) энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге даярлығына және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне жүзеге асырады. |
Бақылау, электр энергетикасы, энергетикалық кәсіпорындар
|
|