
2025 жылғы 27 қарашада мекемемізде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғушылықтың, кемсітушіліктің кез келген нысандарының алдын алу және қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқандарды ұйымдастыру мәселелері бойынша ішкі жиналыс өткізілді.
Жиын барысында ақпараттық кеңістікте таралуы мүмкін теріс немесе негізсіз мәліметтердің алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби беделін қорғау, этикалық нормаларды сақтау және ұжымдағы өзара құрмет пен іскерлік қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қызметкерлердің психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету, ұйым ішіндегі коммуникация мәдениетін арттыру және ақпараттық сауаттылықты күшейту мәселелері де қаралды.
Жиынға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің беделі мен этикалық құндылықтарын ескере отырып, өз ойларымен бөлісті. Әңгімелесу алаңы қызметкерлерге тілдік дағдыларын жетілдіруге, еркін пікір алмасуға және ортақ мәселелерді конструктивті түрде талқылауға мүмкіндік берді.
Қорытынды бойынша ақпараттық науқанды күшейту, қызметкерлердің беделін қорғауға бағытталған іс-шаралар жоспарын орындау және этика талаптарын тұрақты түрде насихаттау тапсырылды.