Ескелді ауданының Теректі, Қайнарлы және Ақтасты ауылдары табиғи газға қосылды

Ескелді ауданының Теректі, Қайнарлы және Ақтасты ауылдары табиғи газға қосылды

Бүгін Ескелді ауданының Теректі, Қайнарлы және Ақтасты ауылдары табиғи газға қосылды.
Қазіргі таңда аталған ауылдарда газ тарату желілерінің құрылысы толық аяқталып, нәтижесінде 1 835 адам табиғи газға қол жеткізді.

Ескелді ауданында барлығы 33 елді мекен болса, олардың 21-і газдандыруға жатады. Бүгінгі күні 19 ауыл табиғи газға қосылған, олар: Қарабұлақ, Алдабергенов, Өрқұсақ, Екпінді, Сырымбет, Матай Байысов, Бақтыбай, Елтай, Жаңалық, Өтенай, Жетісу, Ешкіөлмес, Шымыр, Абай, Жастар, Қаратал, Теректі, Ақтасты және Қайнарлы ауылдары.

Жалпы, елді мекендерді газдандыру мәселесі облыс әкімдігінің және Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрақты бақылауында. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылатын болады.