Тұрғын үй саясатын реформалау аясында 2025 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Жаңа нормаларға сәйкес, тұрғын үй алу үшін кезекке қою және тұрғын үйді бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банк» акционерлік қоғамына берілді.
Осыған байланысты 2025 жылғы 25 мамырдан бастап аудандық және қалалық әкімдіктер тарапынан коммуналдық қордан тұрғын үй беру және кезекке қою процестері тоқтатылды. Жергілікті атқарушы органдар жанындағы тұрғын үй комиссиялары таратылды.
Аталған Заңның 74-бабы 4-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешімді Ұлттық даму институты мәртебесіне ие «Отбасы банк» АҚ қабылдайды.
2025 жылғы 4 тамыздан бастап «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының облыстық филиалының өкілдері Жетісу облысының аудандары мен қалаларында тұрғын үй саясатын реформалау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.