Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия иегерлеріне.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы 31-3 " Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі" және 31-4 " Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау" баптарымен толықтырылды.
Яғни, автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі мәтін бойынша - "Е-Құрылыс"ААЖ) арқылы мемлекеттік бақылау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына (лицензия), сәйкестігін тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру ("Е-Құрылыс" ААЖ адамның қатысуынсыз) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісі туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингтеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына (лицензия), сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша автоматтандырылған тізілім:
1) хабарламаның жасалған күні мен нөмірін;
2) мемлекеттік органның атауын;
3) бақылау мен қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісінің (объектісінің) атауын, оның орналасқан жерін;
4) анықталған бұзушылықтарды және оларды жою туралы талаптарды орындау мерзімі көрсетілген талаптарды;
5) лауазымды адамның қолтаңбасын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне жібереді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Заңның 31-3 бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын (лицензия) тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
Рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) (лицензия) осы Заңның 31-3 бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын (лицензия) тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шарасын орындамағаны үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бір жыл ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне осы Заңның 31-3 бабына сәйкес рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан (лицензия) айыру (оны қайтарып алу) түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және жедел ден қою шараларын автоматты режимде қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы қалыптастырылады және пайдаланушының "Электрондық үкімет" веб-порталындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйедегі ("Е-Құрылыс"ААЖ) жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жобалау қызметі және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша лицензияның барлық иегерлері жақын арада инженерлік-техникалық қызметкерлер мен өндірістік база бойынша деректерді ("Е-Құрылыс" ААЖ) енгізуі қажет.
Сілтеме "Е-Құрылыс" ААЖ бойынша https://equrylys.kz/ru/about, байланыс орталығы: +7 (700) 301-83-32.