Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2025 жылғы 20 ақпанындағы № 1-10 шешімі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2025 жылғы 20 ақпанындағы № 1-10 шешімі

                                     

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2025 жылғы 20 ақпанындағы № 1-10 шешімін Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша орындау

 

Баяндамашы:

М. М. Егізбаев – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2025 жылғы 20 ақпанындағы №1-10 шешімімен Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша:

- Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында сұрақтар мен жауаптар форматында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында тиісті шаралар қабылдасын;

- мемлекеттік аппараттың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін және жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас кезінде сын тудыратын қоғам алдында іс-қимылдарға жол бермеу және мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында қызметтік және орындаушылық тәртіпті күшейту.

Басқарма басшысы Ботабеков Н.Т. сөз сөйледі:

Тиімді қызметке қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшіге 6 негізгі этикалық қағидаттарды: саналық, адалдық, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлануға негізделген кәсіби білімді, іскерлікті, дағдыларды меңгеру қажет. Бұл дегеніміз: өз міндеттеріне кәсіби және жауапкершілікпен шын жүректен қарау; жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешімдер қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу; өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге дайын болуға; азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарауға; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдауға, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына бағдарлануға және өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеуге тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде оның қалыптасу процестеріне қатысатын қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызметшіге екі есе жауапкершілік жүктеледі. Жоғары іскерлік имиджді, мінсіз беделді қалыптастыру және қолдау, іскерлік қарым-қатынас нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.

2024 жылғы 18 қарашадағы жұмыс кеңесінде сіздермен әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша түсіндіру іс-шарасын өткіздім.

Сұрақтар қоюларыңызды сұраймын.

Абдикерімов Д.З. - Мемлекеттік азаматтық қызметтегі ауытқу дегеніміз не?

Ботабеков Н. Т. – Ауытқу деп жалпы өмір жолынан ауытқуды түсіну керек, мемлекеттік қызметтегі девиантты әлеует мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқындағы белгілі бір ауытқулардың көріну мүмкіндігін білдіреді деген қорытынды жасауға болады.

Жолдыбаев М. Т. – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне түсініктемелер бар ма?

Ботабеков Н.Т. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне түсініктемелер әзірледі. Олар кодекстің нормаларын практикалық қолдануда дұрыс түсінуге бағытталған. Бірақ ресми жарияланған жоқ.

Айрмасова З.М. – Сыбайлас жемқорлықтың қанша негізгі түрі бар?

Ботабеков Н.Т. – Сыбайлас жемқорлықтың ең көп тараған көріністері мынадай құқық бұзушылықтар болып табылады: алаяқтық, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, парақорлық, қызметтік жалғандық. Осы құқық бұзушылықтардың әрқайсысы үшін кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Н.Т. Ботабеков – Сыбайлас жемқорлық - бұл әдептілік пен адалдықтың болмауы (әсіресе парақорлыққа ұшырау); лауазымдық жағдайды адал емес жолмен пайда алу үшін пайдалану. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық – бұл жеке басының пайдасы үшін қызметтік жағдайды теріс пайдалану.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік аппараттың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін және жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас кезінде сын тудыратын қоғам алдындағы іс-әрекеттерге жол бермеу және мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында қызметтік және орындаушылық тәртіпті күшейту қажет;

Өткізілген семинар-кеңестің қорытындысы бойынша шешім қабылданды:

  1. Бөлім басшылары мен бас мамандар мен еңбек шарттары жөніндегі қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің шектеулерін қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріністеріне жол бермеу.
  2. Басқарма бөлімдерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсету фактілері туралы Басқарма басшылығына дереу хабарлауды қамтамасыз ету.
  4. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне тиісті түрде ақпарат ұсынсын;
  5. Қабылданған шаралар туралы ақпарат заңнамалық актілерге сәйкес Департаментке растайтын құжаттармен бірге жіберілсін.