Талдықорғанда 35 жасқа дейінгі жастарға арналған "Жетісу жастары" тұрғын үй сатып алу бағдарламасы іске қосылады.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, құжаттар осы жылдың 10-28 шілдесі аралығында қабылданады.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
- Қарыз сомасы 10 000 000 теңгеден артық емес.
- Бастапқы жарна - бастапқы тұрғын үй үшін 0%, кепілзаттық қамтамасыз ету жеткілікті болған жағдайда қайталама тұрғын үй үшін 10%.
- Сертификат қарастырылған.
- Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 5%
* Тұрғын үй құны 10 млн. теңгеден асқан жағдайда айырманы салымшы өз қаражаты есебінен төлейді.
- Бастапқы нарық - пайдалануға берілген пәтерлер.
- Қайталама нарық - пәтер, жеке үй.
Отбасының әрбір мүшесінің жиынтық табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (125 758) аспауы тиіс.
Бағдарламаға қатысушыға қойылатын талаптар:
- Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде 35 жасқа толмаған болуы тиіс.
- ҚР аумағында өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісінің болмауы.
- ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің және үлестің болмауы.
- Талдықорған қаласында міндетті зейнетақы жарналарымен расталған кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
- Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қатысуы.
- Банктің талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілзаттың немесе кепілзатпен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде банкте ТҚЖ болуы.
- Талдықорған қ. ЖАО-да кезекте тұру.
Өтінімдер Талдықорған қаласының әкімдігінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241. "Отбасы Банк" Call-орталығы: 300.