Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара.

Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 2026 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бас мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде іс-шара өткізді.

Департаменттің бас мамандары «Құрылыс объектілері саласындағы адалдық қағидаттары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ жұмыстардың сапасын бақылау» тақырыбында түсіндіру дәрісін өткізді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ кәсіби қызметте заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.