Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Үлестік құрылыс саласын жетілдіру, сондай-ақ, үлескерлердің қаражатын заңсыз тартудың алдын алу мақсатында, 2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына, автомобиль жолдарына үлестік қатысу және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ қол қойды, онда бірқатар қатаңдату және ынталандыру шараларды көзделген: тиісті рұқсатысыз салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлер мен жеке тұрғын үйлер кешендерінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға, ипотека рәсімдеуге тыйым салынды, Заңның аз қабатты  құрылысқа қолданылуы, құрылыс салушылар үшін тәжірибе бойынша талаптар төмендетілді.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 17 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату шаралары көзделген: айыппұл санкцияларын 300-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту (бұдан әрі - АЕК).

Осылайша, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 320-бабы үлескерлердің ақшалай қаражатын заңсыз тартқаны үшін айыппұл салуды көздейтін 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылды:

- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750,

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000,

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 2 000 АЕК мөлшерінде.

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ салынып жатқан объектілердің жарнамасын өндіргені, таратқаны және (немесе) орналастырғаны үшін,

- жеке тұлғаларға – 200,

- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 500,

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 750,

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК мөлшерінде.

Бұл өзгерістер 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап күшіне енді. Құзырет жергілікті атқарушы органдарына жүктелген.

Аталған шаралар жосықсыз құрылыс салушылардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғауға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.