Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының санитарлық жағдайын жақсартуға және аумағын абаттандыруға бағытталған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатысты.
Бастама мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың қоршаған ортаны сақтау үшін жеке жауапкершілігін тәрбиелеу және еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосу.