Өз бетінше салынған құрылысқа қатысты

Өз бетінше салынған құрылысқа қатысты

Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен, Заңның 68-бабымен құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар белгіленген.

Сонымен қатар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне  салынып жатқан (салынуға жоспарланған) нысандар мен кешендердің мониторингі жүктелген.

Бүгінгі күнге, аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері ақпараттық құралдармен («e-Qurylys», "е-license», "МҚК" ААЖ, бекітілген бас жоспарлар және әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобалырымен және т.б.) толық қамтамасыз етілген, бұл салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер туралы өзекті мәліметтердің болуына мүмкіндік береді.

Ведомстволық бағынысты аумаққа шығу және көзбен шолып қарау жолымен жүзеге асырылатын салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілерге мониторинг жүргізу тетігі жетілдірілді, бұл ғимараттарды, ғимараттың жекелеген үй–жайларын және (немесе) бөліктерін қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) сияқты өз бетінше салынған құрылысты уақтылы анықтауға және салынып жатқан (салынған) объектілерге рұқсат құжаттарының берілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Мониторинг тетігі жиынтығында ауытқулармен және бұзушылықтармен (қабаттылық, пәтерлер саны, ауданы, инженерлік желілерге қосылу, түс шешімдері және т.б. бойынша) пайдалануға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, бір қабаттың қондырмасы тұрғын бөлікке жылу энергиясын тұтынуды, шаруашылық сумен жабдықтау шығынын (қысымды ұлғайту қажет), ішкі өрт сөндіру құрылғыларын ұлғайтуын көздейді, мұның бәрі қосымша жабдықты, лифт кабинасын, тұрақ орындарын және т. б. жабдықтарының орнатуын мәжбүрлейді.

Алайда, іс жүзінде жергілікті жерлерде мониторинг қолда бар функционалдық мүмкіндіктері болғанымен жүргізілмейді, бұған көптеген шағымдар (БАҚ, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т.б.) дәлел бола алады.

Осының салдарынан жүктелген функциялар мен міндеттерге қол жеткізбеуге, ведомстволық бағынысты аумақтағы жағдайды бақылауда ұстау немесе субъектілерді қасақана жауапкершіліктен қасақана алшақтатуға, сол арқылы олигополияны (дербес құқысы барларды) жасанды түрде жергілікті жерлерде құруға әкеледі.

Мысалы, заңсыз тұрғызылған құрылыс объектілері бойынша сәулет органдары құрылысқа рұқсат құжаттарын береді, ол қолданыстағы заңнаманың (сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында, рұқсаттар мен хабарламалар және азаматтық заңнама саласында) талаптарына қарама қайшылық болып келеді.

Сәулет және қалақұрылысы бөлімдермен заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу туралы сот талқылауы процесінде рұқсат құжаттарын беру фактілері бар, бұл кейіннен МСҚБ органдарының талап арыздарынан бас тартуға әкеп соқтырып жатады, мұндай әрекеттер заңсыз бейберекет құрылысқа әкеліп соқтырады.

Сонымен қатар, рұқсат беру құжаттарының жоқтығын анықтаған кезде МСҚБ органдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 244-бабында белгілеген нормалар мен өз бетінше салынған құрылысты айқындау ескерілмейді және әкімшілік актіні (тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама) заңсыз шығаруға әкеп соғатын заңнама талаптарын әртүрлі түсіндіру фактілері бар.

Бұл тәсіл аудан және қала әкімдіктерінің қала құрылысы және сәулет бөлімдері тарапынан олардың әрекеттерін негіздеу мүмкіндігіне, оның ішінде белгіленген тыйым салуға байланысты (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының 41-тармағының 6) тармақшасы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бірыңғай құқық қолдану тәжірибесі, сапалы қорытынды құрылыс өнімін алу бойынша жетістіктер, бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу мақсатында өз бетінше тұрғызылған құрылыс объектілеріне рұқсат беру құжаттарын (шешімдер, СЖТ, эскиз) беру практикасын тоқтату қажет.