КӨПШІЛІК ТЫҢДАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КӨПШІЛІК ТЫҢДАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!

 

Жетісу облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-18-баптарына сәйкес өткізіледі.

Күн тәртібі: Жетісу облысының коммуналдық меншігіндегі объектілерді жекешелендіру мәселесін талқылау.

Тыңдаудың мақсаты: жекешелендіру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, жергілікті қоғамдастықтың пікірін ескеру және мемлекеттік мүлік объектілерін бәсекелес ортаға берудің экономикалық орындылығын талқылау.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 20 шілде, сағат 15:00.

Өтетін орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал ш/а, 36 Б.

Материалдармен танысу:

Жекешелендіруге ұсынылатын объектілердің тізбесімен және оларды иеліктен шығарудың негіздемесімен Жетісу облысы мәслихатының ресми интернет-ресурстарында танысуға болады. (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat)

Ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау: Мүдделі тұлғалар (облыс тұрғындары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар) өз ұсыныстары мен ескертулерін жазбаша немесе электрондық түрде 2026 жылғы 17 шілдеге дейін келесі мекенжай бойынша жолдай алады:

Пошталық мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,                                     Назарбаев даңғылы, 38 «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» ММ-сі,                                  214 кабинет.

E-mail: info@zhetysuoblmaslihat.gov.kz

          Қатысу және тіркелу:

Қоғамдық тыңдауға жергілікті қоғамдастық мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Қатысушыларды тіркеу іс-шара басталғанға дейін 30 минут бұрын жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жүргізіледі.

Байланыс деректері: +77716589779 – Айгүл Тәңірбергенқызы Қасымғалиева (бас инспектор).

 

 

Жетісу облысы мәслихатының экономика, бюджет,

құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес,

депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері

бойынша тұрақты комиссиясы