
Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығын орындау мақсатында «Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы
24 қазандағы № 894 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
(бұдан әрі - Қаулы) қабылданды.
Қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес сенімгерлік басқаруға беруге ұсынылатын коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі бекітілген.
Аталған Қаулыны орындау мақсатында Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы 12 наурыздағы № 71 қаулысына сәйкес Сенімгерлік басқаруға беруге жататын облыстың коммуналдық меншіктегі нысандар бекітілді.
|
№ |
Ұйымның атауы |
Іске асыру мерзімі (жыл) |
Сенімгерлік басқару мерзімі |
|
1 |
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
2026 жыл |
5 жыл |
|
2 |
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны |
2026 жыл |
5 жыл |
|
3 |
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
2026 жыл |
5 жыл |
|
4 |
«Жетісу» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы |
2026 жыл |
5 жыл |