Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдум

Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдум

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда Республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының толық мәтіні жарияланды.

Қабылданған жағдайда жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Қолданыстағы парламент жаңа Конституция қабылданған жағдайда да 1 шілдеге дейін жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу кезеңдері белгілі болды. Сонымен қатар, сайлаушылар тізіліміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 416 759 азамат енгізілген.

Сонымен қатар, қазақстандықтар онлайн дауыс бере алатыны белгілі болды. Сонымен қатар, референдумға Үкімет резервінен 20 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.