Ауданымызда Жаңару күніне орай көктемгі ағаш егу дәстүрі өтті

Ауданымызда Жаңару күніне орай көктемгі ағаш егу дәстүрі өтті

Ауданымызда Жаңару күніне орай көктемгі ағаш егу дәстүрі өтті

Көктемнің шуағын ала келген Жаңару күніне орай ауданымызда игі дәстүр жалғасын тапты. Табиғатты көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Матай Байысов және Алдабергенов ауылдарында көктемгі ағаш егу шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шара барысында Матай Байысов ауылында 40 көшет, ал Алдабергенов ауылында 60 көшет отырғызылды. Іс-шараға аудан әкімі Елдос Ахметов пен мәслихат төрағасы Қанат Сатанов қатысып, ағаш отырғызуға өз үлестерін қосты.

Жасыл желек – болашақ ұрпаққа қалдырар аманат. Осы бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, туған жеріміздің көркеюіне септігін тигізеді деп сенеміз.