Үштөбеде бүгін тегін такси қызмет көрсетеді

Үштөбеде бүгін тегін такси қызмет көрсетеді

Бүгін Жетісу облысының аудан, қалаларында қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетуде. Сол сияқты Қаратал ауданы Үштөбе қаласында сайлау учаскелеріне барып қайтуды жеңілдету мақсатында тегін такси қызметтері жұмыс жасауда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Талдықорған, Текелі, Үштөбе, Сарқан қалаларында, Сарыөзек, Қарабұлақ ауылдарында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды. Сол сияқты Алакөл ауданында Жамбыл ауылының тұрғындарын Қабанбай ауылындағы № 75 сайлау учаскесіне, Қаратұма елді мекенінен Бұлақты ауылындағы № 62 сайлау учаскесіне, Әлемді, Бұдыр елді мекендерінен Көлбай ауылындағы № 81 сайлау учаскесіне және Үшарал қаласындағы 60 пәтерлі 4 тұрғын үйден, МТФ-3, Лесоферма, Хутор тұрғын аудандарынан да сайлау учаскелеріне қатынас тегін ұйымдастырылды.

Үштөбе қаласында сайлаушыларға ақысыз қызмет көрсететін такси тек қана сайлау учаскесіне жеткізіп қана қоймай, кері бағытта да тегін тасымалдауда. Бұл игі бастаманы қаланың белсенді 4 такси қызметі ұйымдастырып отыр. Жалпы Қаратал ауданында 28438 сайлаушы болса, соның 17232-і Үштөбе қаласында шоғырланған. Сондықтан такси қызметінің айтуынша, такси қызметіне жүгінушілер көп, әрбір үшінші қоңырау сайлау учаскесіне шақырылады екен.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.