Бейбіт Исабаев кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді

Бейбіт Исабаев кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге келіп, таңдау жасады.

- Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Мен осы сайлауда Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, бұл менің - конституциялық құқығым. Еліміздің болашағына сенемін, - деді Б.Исабаев.

Жалпы облыс бойынша 447 сайлау учаскесінде 445 мың сайлаушы дауыс береді. Бүгін, 20 қарашада өңірдегі барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.